logologo
Қаз
Жекеше клиенттерге
Бизнес үшін
Private
Банк туралы
Офистер мен банкоматтар
9 қазан 2024 ж.
Mastercard премиум карталары бойынша жаңа қызмет - «Клиенттерді қолдау орталығы» (Customer Support Center)

Mastercard премиум карталары бойынша жаңа қызмет - «Клиенттерді қолдау орталығы» (Customer Support Center)

2024 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстандағы Mastercard премиум карталарын ұстаушылары үшін «Клиенттерді қолдау орталығы»- Customer Support Center қызметі қолжетімді болды. Осы қызметтің арқасында клиенттер MasterCard өнімдері, қызметтері мен арнайы ұсыныстары туралы орыс және ағылшын тілдерінде тегін кеңес ала алады.  Қызмет Telegram, WhatsApp, Viber, сондай-ақ телефон және электрондық пошта сияқты  барлық танымал мессенджерлер арқылы қолжетімді. Кеңесшімен 9.00-ден 21.00-ге дейін  тікелей байланысуға болады.

 

Customer Support Center қалай қолдануға болады?

 

1. Мобильді телефоныңыздағы сілтемесіне өтіңіз;

2. Қалаған мессенджеріңізді немесе телефон/электрондық поштаңызды таңдаңыз;

3. Сұрағыңызды жазыңыз (мысалы, fast Track зал/аймақтарының тізімін қайдан көруге болады? Lounge/ Fast Track және т.б. өту кезінде мені неліктен өткізбеді?).

 

Маңызды:

Консьерж қызметі өзінің функциясын орындай отырып, клиенттердің күнделікті сауалдары бойынша көмектеседі (билет, қонақ үйлерді және т.б. таңдау), сондай-ақ карта артықшылықтарына байланысты жалпы сауалдарға жауап береді.