logo
Қаз
Жекеше клиенттерге
Бизнес үшін
Private
Банк туралы
Офистер мен банкоматтар
19 ақпан 2016 ж.
Құрметті клиенттер!

Құрметті клиенттер!

2016 жылғы 19 наурыздан бастап 23 наурызға дейін (осыны қосқанда) техникалық жұмыстар жүргізілуіне байланысты бөлімшелер кеңес беру режимінде жұмыс істейді. Көрсетілген кезеңде келесі қызметтер уақытша қолжетімсіз болады:

 

– ағымдағы және жинақ шоттарын ашу, жабу, толықтыру / алу, айырбастау;

– банкішілік, банкаралық және халықаралық аударымдар (ұлттық және шетел валютасында);

– айырбас операциялар (сатып алу, сату);

– кассалық операциялар, оның ішінде ПОС-терминал мен ЭКР арқылы операциялар;

– үзінді-көшірмелер мен анықтамаларды құрастыру;

– тұрғындардың қызметтерді жеткізулердің пайдасына, бюджетке төленетін төлемдерді, «Экспресс-кассаға» төлемдер төлеуі (18 наурызда сағат 16:00-ден бастап).

 

Кредит мерзімін кешіктірудің алдын алу үшін тұрақты төлемді күні бұрын төлеуді сұраймыз!

 

Бұған қоса, 2016 жылғы 19 наурыздан бастап 23 наурызға дейін (осыны қосқанда) SMARTBANK интернет-банкингтің функционалында операциялардың келесі түрлері шектелген:

 

1) Карточкалық шоттар бойынша қалдықтарды қарау және үзінді-көшірмелер алу;

2) Карточкалық шоттар арасында банкішілік аударымдар жүргізу;

3) Карточкалық шоттар арқылы – ұялы байланыс, Қазақтелеком, Алсеко, АЕО, Астанаэнергосбыт, Оңай, кабельді телевидение қызметтері, бюджетке төленетін төлемдер;

4) Төлем карталарын оқшаулау/оқшаулаудан алу;

5) Төлем карталары бойынша интернет-транзакцияларға қолжетімділікті ашу / жабу.

 

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

 

Бөлімшенің жұмыс режимі туралы ақпарат сайтта қосымша жарияланады.

 

Егжей-тегжейлі ақпаратты Банк бөлімшесіне келіп немесе 7722 ұялы нөміріне (кез келген оператордан тегін) қоңырау шалып біле аласыздар.