logologo
Қаз
Жекеше клиенттерге
Бизнес үшін
Private
Банк туралы
Офистер мен банкоматтар
23 шілде 2026 ж.
Visa Infinite карта иелеріне арналған «Қонақ өту жолдары» жаңа қызметті іске қосу
Visa Infinite карта иелеріне арналған «Қонақ өту жолдары» жаңа қызметті іске қосу

Еуразиялық банк 2026 жылғы 1 тамыздан бастап Visa International халықаралық төлем жүйесімен бірлесіп, Visa Infinite карта иелеріне арналған «Қонақ өту жолдары» жаңа қызметін іске қосады.

Енді негізгі және қосымша Visa Infinite карта иелері бүкіл әлем әуежайларындағы Lounge зал жайлылығын өзінің достарымен, отбасы мүшелерімен және әріптестерімен бөлісе алады

Қызмет артықшылығы

Visa Infinite карта иелері Банк белгілеген ай сайынғы сауда жасау шарттарын орындаған жағдайда, халықаралық әуежайларындағы Lounge залдарына қонақтарын тегін шақыра алады.

Қонақ өтетін жол саны Visa Infinite картасы бойынша өткен айдағы (есептік кезең) жасалған транзакция сомасына байланысты болады.

Қонақ өту жолдарын қолдану мерзімі

Қонақ өтетін жолдар Visa Airport Companion мобильді қосымшасында есептік кезеңнен кейінгі 10 жұмыс күніне дейін көрінеді. Қонақ өтетін жолдар автоматты түрде іске қосылып, келесі айдың оныншы жұмыс күнін қоса алғанға дейін әрекет етеді. Пайдаланылмаған қонақ өту жолдары кезең аяқталғаннан кейін келесі күнтізбелік күні жойылады да, келесі кезеңдерге ауыстырылмайды.

Маңызды ақпарат: қонақ бұл қызметті тек Visa Infinite карта иесімен бірге кіргенде ғана пайдалана алады.

Халықаралық әуежайлардағы Lounge залдарға қонақ ретінде өту бағдарламасы туралы толығырақ – мында.

Халықаралық әуежайлардағы Lounge залдарға қонақ ретінде өту шарттарымен мына жерде танысуға болады.

Еуразиялық банкпен бірге рақаттанып саяхаттаңыз!