logo
Қаз
Жекеше клиенттерге
Бизнес үшін
Private
Банк туралы
Офистер мен банкоматтар
15 желтоқсан 2020 ж.
Еуразиялық банк приват-банкинг клиенттері үшін тарифтерге өзгертулерді енгізді

Еуразиялық банк приват-банкинг клиенттері үшін тарифтерге өзгертулерді енгізді

2020 жылдың 31 желтоқсанынан бастап ағымдағы шоттарды жүргізу бойынша тарифтерге, жинақ шоттарын жүргізу бойынша тарифтерге толықтырулар енгізіледі және шетел валютасындағы аударымдар бойынша тарифтер өзгертіледі:

 

Клиенттің шот бойынша соңғы шығыс/кіріс операцияларды жасаған күннен 1 жылдан аса уақыт өткен жеке тұлғалардың ағымдағы шоттарын (ұлттық және шетел валютасында) жүргізу үшін ай сайынғы комиссия

шоттағы қалдық мөлшерінде, бірақ 1 000 теңгеден аспайды (клиентте Банкте депозит болған жағдайда, сондай-ақ банктік қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты ағымдағы шот бойынша

(қарыздың қолданылу кезеңіне) алынбайды).

Клиенттің шот бойынша соңғы шығыс/кіріс операцияларды жасаған күннен 1 жылдан аса уақыт өткен, Талап етілгенге дейін жинақ шотын (ұлттық және шетел валютасында) жүргізу үшін ай сайынғы комиссия (ҚҚС бірге)

шоттағы қалдық мөлшерінде, бірақ 1 000 теңгеден аспайды (клиентте Банкте депозит болған жағдайда, сондай-ақ банктік қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты ағымдағы шот бойынша

(қарыздың қолданылу кезеңіне) алынбайды).

Басқа банктің клиентінің пайдасына шетел валютасында аударымдар: 
Шығыстар бенефициардың (BEN) есебінен  (Жіберуші банктің комиссиясы жіберушінің есебінен төленеді, корреспондент банк пен басқа банктердің комиссиялары бенефициардың есебінен төленеді) (Ресей рубліндегі аударымдарды қоспағанда): 
клиенттің өтінімі сағ. 17.00-ге дейін беріледі

сомадан 0,2%

(min. 7 000 теңге,

max. 80 000 теңге)

– ұлттық валютада, ақша ағымдағы шотта 15 (он бес) күнтізбелік күннен аз болған кезде.

сомадан 1%

(ең азы 300 теңге)