logologo
Қаз
Жекеше клиенттерге
Бизнес үшін
Private
Банк туралы
Офистер мен банкоматтар
28 наурыз 2020 ж.
Еуразиялық банк өз жұмысын шектеулі режимде жалғастыруда

Еуразиялық банк өз жұмысын шектеулі режимде жалғастыруда

28 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтанда карантин режимі күшейтілді – аса қажеттіліксіз қалада қатынасуға тыйым салынды.  Банктер қаланың тіршілік әрекетін қамтамасыз етуді жалғастыратын, бірақ шектеулі режимде жалғастыратын ұйымдарға жатқызылды.

 

Қоғамдық көліктің кестесін ескере, 30 наурыздан бастап офистердегі жұмыс күні 16:00-ге дейін деп белгіленді. Алматы мен Нұр-Сұлтандағы жұмыс істейтін бөлімшелердің саны екі есе қысқартылды, тізімі https://eubank.kz/maps/ сайтында жарияланған.

 

Сақтық шараларын, қатынасу ережелерін сақтаңыз және өзіңізге бекем болыңыз!

 

Баршаңыздың денсаулықтарыңыз зор болсын, сабырлық пен позитивті ойлау танытайық!