logologo
Қаз
Жекеше клиенттерге
Бизнес үшін
Private
Банк туралы
Офистер мен банкоматтар
22 қазан 2025 ж.
Еуразиялық банк «Золотая Корона» жүйесі бойынша теңгеде тиімді аударым жасау рәсімдерін бастайды
Еуразиялық банк «Золотая Корона» жүйесі бойынша теңгеде тиімді аударым жасау рәсімдерін бастайды

Еуразиялық банк клиенттері енді теңгеге айырбастай отырып операция жасаған кезде  “Золотая Корона” жүйесі бойынша халықаралық аударымдарды 0%* комиссиямен жібере алады.  Бұл шетелдегі туыстары мен достарына қосымша шығындарсыз, тез әрі тиімді ыңғайлы қолдау көрсету тәсілі.

Аударым жасау үшін банк бөлімшесіне келіп, теңгедегі соманы енгізіп, алушының қаласын, елін, аты-жөні мен телефон нөмірін көрсету қажет. Жүйе енгізілген соманы алушы елдің валютасына — доллар, еуро, рубль немесе ұлттық валютаға — ашық бағам бойынша автоматты түрде айырбастайды. Транзакция айырбасталып жүргізілгенімен, жіберушіден комиссия ұсталынбайды.  Алушы қаражатты бірнеше минуттан кейін ала алады. Сондай-ақ банк бөлімшелерінде теңге валютасында жасалған аударымдар да беріледі.


“Біз өз клиенттеріміз үшін халықаралық аударымдарды мүмкіндігінше жылдам, тиімді әрі ыңғайлы етуге тырысамыз. Бұл ретте жүйе ақпаратты сенімді қорғап, операциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін деректерді халықаралық шифрлау стандарттарын пайдаланады”, — деп атап өтті Еуразиялық банк Кредиттік емес өнімдерді дамыту басқармасының атқарушы директоры Александр Попов.

*”Төлем орталығы” БЕКЕҰ бағамы бойынша айырбасталған валюталарды аударған кезде 0% комиссия қолданылады. Шектеулер бар. Қойылған шектеулер, тарифтер мен қызмет көрсету шарттарының тізімімен koronapay.com  сайтында “Аударым жасау/қолма-қол ақшаны қалай жіберуге болады” бөлімінен көруге болады.

Ақша қаражатын аударатын оператор, “Золотая Корона” төлем жүйесінің операторы – “Төлем орталығы” БЕКЕҰ (ЖШҚ), 20.12.2012 ж. 0012 тіркеу нөмірі, 14.04.2014 ж. № 3166-К Ресей Банкінің лицензиясы, Новосибирск қ., Киров к-сі, 86, НМТН ‪1025400002968.

Еуразиялық банк” АҚ ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 03.02.2020ж. № 1.2.68/242/40  лицензиясы негізінде қызмет көрсетеді.

Анықтамалық ақпарат:
Еуразиялық банк — Қазақстанның әлеуметтік маңызды қаржы институты, 2025 жылғы 1 қыркүйектегі деректер бойынша қазақстандық банктердің арасында актив көлемі бойынша жетінші орынға ие.  Автокредиттеу саласы бойынша абсолютті көшбасшы, бөлшек саудада жетекші орын алады, корпоративтік клиенттер мен кәсіпкерлерге арналған кең спектрлі қызметтерді ұсынады.  Банк ERG тобының экожүйесіне жатады (минералды ресурстарды өндіру және өңдеу саласындағы әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі).