logologo
Қаз
Жекеше клиенттерге
Бизнес үшін
Private
Банк туралы
Офистер мен банкоматтар
26 маусым 2026 ж.
Eurasian Private Banking және «Милосердие» қоры: 99 ота — 99 өзгерген тағдыр
Eurasian Private Banking және «Милосердие» қоры: 99 ота — 99 өзгерген тағдыр

Eurasian Private Banking философиясы әрқашан капиталды басқару шегінен әлдеқайда асып түсетін құндылықтарды дәріптеу аясында құрылған. 2019 жылы біздің жабық Eurasian Diamond Club клубымыз Аружан Саиннің басшылығымен «Милосердие»
еріктілер қоғамымен («ДОМ» ҚҚ) күш біріктірді. Ортақ мақсат — Қазақстандағы ауыр науқасқа шалдыққан балаларға салауатты болашақ сыйлау.

Бүгін  бізді қолдаған әрбір жанға мақтаныш сезіміміз бен алғысымызды жолдай отырып, осы жолдың нәтижесімен бөлісіп отырмыз. Біздің ынтымақтастығымыздың барысында банк пен Diamond Club резиденттері аударған қаражат арқасында кішкентай қазақстандық бүлдіршіндерге жасалған 99 жоғары технологиялық ота сәтті өтті.

Visa Infinite премиум металл карта иелері күнделікті немесе ірі сауда үшін төлем жасаған сайын, банк транзакция сомасының 1%-ын «Милосердие» қорына «Балаларға өмір сыйла» бағдарламасына автоматты түрде аударады.

99 ота — бұл жай ғана статистика емес. Бұл - шаңырақтарында үміт пен қуаныш оты қайта маздаған 99 отбасы. Бұл -  дұрыс тыныс алу, айналасын көру және өз бетінше алғашқы қадамдарын жасау мүмкіндігін алған балалар.

Біз немқұрайлылық танытпай, атсалысқаны үшін Eurasian Private Banking  әрбір клиентіне шын жүректен алғыс айтамыз. Сіздің сеніміңіз бен күнделікті таңдауыңыз әлемді жақсарта түсетіні анық. Біздің ортақ миссиямыз жалғасуда, алда — өз мүмкіндігін күтіп отырған жүздеген бала бар.

Абсолютті ашықтық қағидаты біздің қайырымдылық қызметіміздегі негізгі ұстаным болып табылады. Қордың бағытталған қаражатты
бөлу туралы қаржылық есебімен «Милосердие» қорының порталында
detdom.kz. сілтемесі бойынша таныса аласыз.