logo
Қз

Еуразиялық банктің жаңа Басқарма төрағасы тағайындалды

06.12.2016, Алматы. Еуразиялық банктің Директор лар кеңесі Павел Логиновты Банктің Басқарма төрағасы етіп тағайындау туралы шешім қабылдады. Логинов 05.12.16 ж. бастап қызметіне кірісті.

 

Акционерлердің жаңа басшыға қойған негізгі міндеттері операциялық процестерді жаңғырту, клиенттерге қызмет көрсетудің заманауи технологияларын енгізу, сондай-ақ тәуекелді бағалау жүйесін жетілдіру есебінен Банктің тиімділігін арттыру болып табылады.

 

Павел Логинов бұл қызметте Банкті 2009 жылдың соңынан бастап басқарған Майкл Эгглтонды ауыстырып отыр. Оның басшылығы кезінде Банк шағын корпоративтіктен активтерінің мөлшері бойынша қазақстандық банктердің ондығына кіретін әмбебап қаржы институтына айналды.

 

Анықтама:

Павел Вячеславович Логинов – банктік нарықта 20 жылдық өтілі бар кәсіби банкир.

1971 жылы 10 наурызда Мәскеуде дүниеге келген. Мәскеу авиациялық институттың экономикалық факультетін және РФ Үкіметі жанындағы Қаржы академиясын бітірген.

1997 жылдан бастап 2008 жылға дейін Российский Кредит, ОНЭКСИМ Банк, Росбанк банктерінде жұмыс жасаған.

2001 жылдан бастап Росбанктің Вице-президенті лауазымында отырып Росбанктің негізгі  корпоративтік клиенттерімен қарым-қатынасқа жетекшілік еткен.

2004-2008 жылдары Росбанктің Орталық Аймақтық басқармасының директоры лауазымында «Общество взаимного кредита» банктер тобы мен Росбанкті біріктіру бойынша жобаларға басшылық жасаған.

2008 жылдан бастап 2014 жылға дейін Алексей Мордашовтың Северсталь компаниялар тобына кіретін Меткомбанктің Басқарма төрағасы лауазымын атқарған.

2015 жылдан бастап Ростех КТ кіретін Новикомбанкта жұмыс істеген, бұнда тол Басқарма Төрағасының орынбасары мен Бас Атқарушы директор лауазымдарын атқарған. Оның жауапкершілік саласына даму стратегияларын әзірлеу, корпоративтік бизнес, ШОБ, бөлшек бизнес, өңірлік желі, мерзімі кешіктірілген берешекпен жұмыс жүргізу, банктің Мемлекеттік қорғаныс тапсырысымен жұмыстар кірген.

Павел Логинов үйленген, екі баласы бар.

 

Еуразиялық банк — барлық сегменттің клиенттеріне өнімдері мен қызметтерін ұсынушы қазақстандық әмбебап банк. 1994 ж. іргесі қаланған Банктің Қазақстанның барлық өңірлерінде бөлімшелері бар. Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі және Новосибирскте, Челябинск пен Омбыда филиалдары бар. S&P соңғы рейтингі: «тұрақты» болжамымен В. KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.

 

Банктің табысты қызметі халықаралық басылымдардың келесі аталған номинацияларындағы наградаларымен марапатталған – «Қазақстанның үздік банкі» – IAIR, 2014 ж., «Қазақстанның үздік банкі» – EMEA Finance, 2013 ж., 2014 ж. «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» – Asian Banking & Finance, 2012, 2013 және 2015 ж., «Қазақстанның үздік банкі» – Euromoney, 2012 ж. және «Қазақстандағы жыл банкі» – The Banker, 2012 ж. және 2014 ж.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.