6) Аккредитивті таңдау.
«Еуразиялық банк» АҚ-пен келісімделуі қажет растаушы банкті таңдау кезінде келесілерді ескеру керек:
- растаушы банк сонымен қатар аккредитивті орындауға (яғни құжаттарды тексеруге және төлеуге) уәкілетті болуы керек;
- растаушы банктің қаржылық жағдайы банк-эмитентке қарағанда жақсы немесе сатушының елінде орналасуы қажет;
- басқа банктегі аккредитивті растау қосымша шығыстардың туындауына әкеледі (растағаны үшін комиссия, құжаттарды тексергені, төлемді жүргізгені үшін комиссиялар қосымша есептеледі).
Аккредитивтің растауын қамтамасыз ету әдісін анықтау банк-эмитент пен растаушы банктің айрықша құзыреті болып табылады.
7) Құжаттамалық аккредитивтер үшін Сәйкестендіру ережелері мен ғұрыптарға бағыну.
Сәйкестендіру ережелері аккредитивтік операциялар жүргізу бойынша бірыңғай халықаралық стандарт болып табылады(UCP600), алайда аккредитивтік операциялардың қатысушыларында ішінде жалпы түсініктер мен стандарттар баяндалған UCP600 ерекшеленетін талаптарды ескеру құқығы болады.
8) Құжаттар тізімі.
Бенефициардың аккредитив бойынша ұсынатын құжаттар тізімі келісімшарт жасау кезеңінде ескерілуі қажет айрықша маңызды сәт болып табылады.
Ұсынылған кезде аккредитив бойынша төлем жүргізілетін құжаттар тізбесі олардың көмегімен бақылауды талап етілетін шарттың қандай талаптарын орындау қажеттілігіне қарай жасалуы тиіс.
Құжаттар тізімі мүмкіндігінше ықшамдалуы қажет.
Құжаттардың ең аз жиыны шот пен көлік құжатынан немесе қабылдау-тапсыру актісінен тұруы мүмкін.
Келісімшарт талаптарын орындалуын растайтын стандартты құжаттар әдетте келесілерден тұрады:
- жөнелту бойынша – коносамент, теміржол жүкқұжатының телнұсқасы, авиажүкқұжаты, автожол жүкқұжаты (CMR);
- сақтандыру бойынша – сақтандыру полисі/сертификаты;
- сапасы бойынша – сапа сертификаты;
- шығу тегі бойынша – шығу тегі сертификаты;
- импортқа шығаруға тазарту бойынша – кеден мағлұмдамасы;
- тауар саны бойынша – салмақ немесе санының сертификаты.
Құжатты толық және нақты көрсету үшін келісімшартта келесілерді келісімдеуге болады:
- құжат атауы;
- кім шығаруы немесе куәландыруы тиіс;
- талап етілетін мазмұны немесе ерекше маңызды бөлшектері;
- тілі (ағылшын, орыс және т.б.);
- дана саны.
9) Банктік шығыстарды бөлу.
Аккредитивтер бойынша банктік шығыстар мен комиссиялар келісімшарт тараптарының арасында әділетті түрде бөлінуі қажет.
Әдетте , аккредитив бойынша банктік шығыстар сатушы мен сатып алушы арасында төмендегі әдістердің бірімен бөлінеді:
- барлық шығыстар сатып алушының есебінен төленеді;
- барлық шығыстар сатушының есебінен төленеді;
- Қазақстан аумағындағы барлық шығыстар — сатып алушының есебінен, Қазақстан аумағынан тыс жерде — сатушының есебінен;
- Қазақстан аумағындағы барлық шығыстар мен растаушы банктің растағаны үшін комиссиясы — сатып алушының есебінен, қалған барлығы — сатушының есебінен.
Шығыстарды бөлудің соңғы екі әдісі жиі қолданылады, бұл ретте комиссиялық шығыстар қандай да бір түрде келісімшарт тараптарының арасында теңдей бөлінеді. Шетел банктерінің өз клиенттеріне арналған тарифтер шетел компанияларына арналған тарифтерге қарағанда едеуір аз болуы мүмкін, шетел банктерінің комиссия сомасын аккредитив ашу кезеңінде бағалау қиын.
Егер шетел сатушысы аккредитивті растауға қатысуды немесе оның банкі қосымша қызметтер көрсетуді талап ететін болса, осы қызметтерді сатушының төлегенін талап еткен дұрыс.