logo
Қз

"Еуразиялық банк" АҚ құқықтары туралы және банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелер орындалмаған жағдайда қарыз алушы-жеке тұлғаның жауапкершілігі туралы ақпарат.

Қарыз алушы және Қосарлас қарыз алушы (лар) “Еуразиялық банк” АҚ-пен (бұдан әрі – Банк) Банктік қарыз шартын/ Кредит желісін беру (ашу) туралы келісімді (бұдан әрі – шарт) жасау арқылы Шарт бойынша талаптарды тиісті түрде орындауға міндеттеме алады және Шарт бойынша міндеттерді толық ынтымақтаса орындауға жауапты болады. Қарыз алушы және Қосарлас қарыз алушы (лар) Шарт жасау кезінде бір тарапты (бұдан әрі – Қарыз алушы) ұсынады.

 

Банктің құқықтары:

 

– банктік қарызды (бұдан әрі – Қарыз) немесе оның бір бөлігін нысаналы пайдалануды Тексеру шартының қолданылу мерзімі ішінде Қарыз алушының жүзеге асыру;

 

– Шартқа және “Еуразиялық банк” АҚ банктік және өзге де қызметтерді көрсетудің стандартты талаптарына (Қосылу шарты) (бұдан әрі – Стандартты талаптар) сәйкес Қарыз берілген күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде Қарызды қайтару және есептелген сыйақыны төлеу жағдайын қоспағанда, Қарыз алушыдан қарыздың немесе оның бір бөлігінің нысаналы пайдаланылғанын растайтын құжатты, оның ішінде оны мерзімінен бұрын өтеу кезінде ұсынуды талап ету;

 

– Қарыз алушы Қарызды немесе оның бір бөлігін мақсатсыз пайдаланған, сол сияқты Қарыз берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қарыздың нысаналы пайдаланылғанын растайтын құжат ұсынбаған немесе Банкке уақтылы ұсынбаған жағдайда, Банк Қарыз алушыдан Банкке нысаналы пайдалану жөніндегі құжат ұсынылмаған қарыз сомасын және есептелген Сыйақыны Банктің жазбаша талабын алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде мерзімінен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы, сондай-ақ мақсатсыз пайдалану сомасынан 10% (он пайыз) мөлшерінде айыппұл есептеуге және ұстап қалуға құқылы.

 

Қарыздың нысаналы пайдаланылғанын растайтын құжат уақтылы ұсынылмаған жағдайда, Банк Қарыз алушыдан тиісті құжат ұсынылған күнге дейін немесе Қарыз сомасы қайтарылған және Шарттың осы тармағында көзделген сомалар енгізілген күнге дейін мерзімі өткен әрбір күнтізбелік күн үшін қарыз сомасының 0,1% (нөл бүтін оннан бір пайызы) мөлшерінде өсімпұл есептеуге және ұстап қалуға құқылы.  Қарыз алушы банктің жазбаша талабын алған жағдайда қарызды мерзімінен бұрын қайтару жөніндегі міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, Банк мерзімі өткен әрбір күнтізбелік күн үшін қайтарылуға жататын сомадан 0,1% (нөл бүтін оннан бір пайызы), бірақ Шарттың қолданылған әрбір жылы үшін қарыз сомасының 10%-нан аспайтын мөлшерінде өсімпұл есептеуге және Қарыз алушыдан ұстап қалуға құқылы.

 

Қарыз алушы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған және (немесе) тиісті түрде орындамаған кезде Банк Қазақстан Республикасының заңнамасында, Стандарттық талаптарда, Шартта көзделген, келесілерді қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей, барлық шараларды қолдануға құқылы:

 

1) Қарыз алушыға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шараларды қолдану туралы мәселені қарау;

 

2) Қарыз алушының тұрақсыздық айыбын (өсімпұл, айыппұл) төлеуін талап етуге;

 

3) Қарыз алушыдан Банк пен Қарыз алушы арасында жасалған Шарт және өзге де мәмілелер бойынша барлық міндеттемелерді, оның ішінде Қарызды мерзімінен бұрын қайтаруды және Сыйақыны мерзімінен бұрын төлеуді талап ету;

 

4) Банктің қолданыстағы тарифтері бойынша айырбастау үшін комиссияны ұстап қалумен, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектеулерді ескере, Банкте, басқа да екінші деңгейдегі банктерде және/немесе ҚР-да банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған Қарыз алушының барлық/кез келген банктік шоттарынан Шарт бойынша берешектің барлық мерзімі өткен сомаларын (оның ішінде тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) сомасын) төлеу есебіне теңгедегі және/немесе кейіннен алып қою күніне валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша айырбастаумен басқа валютадағы ақшаны даусыз тәртіппен Қарыз алушының қосымша келісімінсіз, банктік шотты тікелей дебеттеу арқылы алып қою/есептен шығару;

 

5) берешекті сотқа дейінгі өндіріп алуға және реттеуге коллекторлық агенттікке беру;

 

6) Қарыз алушының берешегін сот тәртібімен өндіріп алу (оның ішінде берешекті өндіріп алуды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен үшінші тұлғаларға тапсыру);

 

7) Шартқа және Стандарттық талаптарға сәйкес біржақты тәртіппен Қарыз беруді тоқтатуға/тоқтата тұруға құқылы;

 

8) Қарыз бойынша міндеттемелерді орындамау бойынша шығындарды, залалды, шығындарды өтеуді талап ету;

 

9) Қарыз алушының жұмыс берушісін Қарыз бойынша міндеттемелердің орындалмағаны туралы хабардар ету;

 

10) Қарыз алушының Шарт бойынша міндеттемені орындау мерзімін кешіктіруі қатарынан күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен асқан жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Шарт бойынша құқықты (талапты) үшінші тұлғаға беру;

 

11) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Шарт тараптарының келісіміне сәйкес берешекті өндіріп алу жөнінде басқа да шаралар қолдану.

 

Қайсысын қолданудың (немесе жиынтықта шаралар қолдану) қажеттілігін Банк дербес айқындайды.

 

Кепілсіз Қарыздар шеңберінде:

 

Шарт бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұл мен өсімпұлдың) мөлшері: Қарызды қайтару және/немесе Сыйақы төлеу және/немесе Шартта көзделген өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемені бұзғаны үшін Қарыз алушы Банкке тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті:

 

– мерзімі кешіктірілген 90 (тоқсан) күн ішінде, мерзімі кешіктірілген әрбір күн үшін, бірақ Қарыз сомасынан 10% (он пайызынан) аспайтын мөлшерде, Шарт қолданылған әрбір жыл үшін мерзімі кешіктірілген төлем сомасынан 0,5% (нөл бүтін оннан бес пайызы) мөлшерінде ;

 

– мерзімі кешіктірілген 90 (тоқсан) күн өткеннен кейін тұрақсыздық айыбы есептелмейді.

 

Қарыз алушы Шарт талаптарына сәйкес негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара немесе толық өтеуге құқылы.  Аталған құқықты іске асыру мақсатында Қарыз алушы Банкке тиісті өтінішпен жүгінуі қажет.

 

Қарыз алушы Банкке Шарт бойынша міндеттелерді орындау мерзімінің кешіктіру себептері, кірістері және оның Шарт талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішін негіздейтін басқа да расталған мән-жайлар (фактілер) туралы мәліметтерді қамтитын жазбаша өтініш беруге құқылы.

 

Кепілді қарыздар шеңберінде; 

 

Тұрақсыздық айыбының мөлшері: қарызды қайтару және/немесе Сыйақыны төлеу және/немесе Шартта қарастырылған басқа да төлемдерді төлеу бойынша міндеттемелерін бұзған жағдайда, Қарыз алушы Банкке тұрақсыздық айыбын төлеуі тиіс:

 

– мерзімі кешіктірілген 90 (тоқсан) күн ішінде, мерзімі кешіктірілген әрбір күн үшін, бірақ Қарыз сомасынан 10% (он пайызынан) аспайтын мөлшерде, Шарт қолданылған әрбір жыл үшін

 

– мерзімі кешіктірілген 90 (тоқсан) күн өткеннен кейін, мерзімі кешіктірілген әрбір күн үшін мерзімі кешіктірілген төлем сомасынан 0,03 (нөл бүтін жүзден үш пайыз) мөлшерінде

 

– Шарт қолданылған әрбір жыл үшін Қарыз сомасынан 10% (он пайызынан) аспайтын мөлшерде.

 

Банк қызметтерін ұсыну және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банк қызметтерін ұсыну процесінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарастыруы қағидаларына 2-қосымша.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.