logo
Қз

Tengri Bank салымдары, шоттары мен карточкалары бойынша төлем сомасын тексеріңіз.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Capital Bank Kazakhstan» АҚ пен «Tengri Bank» АҚ салымшыларының назарына!

 

«Capital Bank Kazakhstan» АҚ пен «Tengri Bank» АҚ салымшыларын өтем алу жөніндегі өтінішті онлайн беру мүмкіндігімен қамтамасыз ету үшін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры төлемдердің электрондық порталын іске қосу бойынша техникалық жұмыстарды жүргізіп жатқандығын хабарлаймыз. Осыған байланысты 2021 жылдың 16 қарашасынан бастап, «Еуразиялық банк» АҚ бөлімшелері арқылы «Capital Bank Kazakhstan» АҚ пен «Tengri Bank» АҚ салымшыларынан кепілдік берілген өтемді төлеуге жазбаша өтініштер қабылдау уақытша тоқтатылады.

 

Өтініштерді қабылдауды қайта бастау күні туралы қосымша ақпарат беріледі.

 

«Еуразиялық банк» АҚ бөлімшелеріне бармас бұрын,

банктің байланыс орталығының +7 (727) 332-77-22,

Beeline: +7 (771) 000-77-22,

Tele2/Altel: +7 (700) 000-77-22,

Kcell/activ: +7 (702) 010-77-22

(E-mail: contactcenter@eubank.kz) телефон нөмірлері

 

және Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының 1460 (E-mail: kdif@kdif.kz) телефон нөмірі бойынша өтініш қабылдауды қайта жалғастыру уақытын алдын ала нақтылауға кеңес береміз.

Құрметті клиент

Tengri Bank салымдары, шоттары мен карточкалары бойынша төлем сомасын тексеріңіз. 
Төлем сомасын қашықтан және қауіпсіз түрде біліңіз.

Маңызды! Егер осы ЖСН үшін көрсетілген телефон нөмірі болмаса, ақпарат берілмейді.


Тенгри банкте көрсеткен телефон
нөміріңізді енгізіңіз.


Құрметті «Тенгри банк» АҚ клиенттері!

«Еуразиялық банк»  АҚ Басқарма Төрағасының бейне хабарлама.

Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

Банк төлемді 2020 жылдың 30 қыркүйегінде төлей бастайды. Төлемдер 2022 жылдың 1 мамырға дейін жалғасады.

Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер Tengri Bank-те ашылған депозиттерде, ағымдағы шоттарда және төлем карточкаларында орналастырылған ақшаны кепілдікті өтем арқылы алуға құқылы.

Кепілдікті өтем Tengri Bank-те ашылған депозиттер, ағымдағы шоттар және төлем карточкалары бойынша төленеді.

Кепілдік берілген өтемді төлеу ең жоғары кепілдік берілген сома мен кредиттік міндеттемелерді ескере отырып, “ Tengri bank ” АҚ тарату комиссиясы ұсынған кепілдік берілген депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемді есептей отырып, депозиторлар тізімінде көрсетілген мөлшерде жүзеге асырылады.

 

Түрі мен валютасына байланысты кепілдік берілген депозиттер бойынша кепілдік өтемі:

– ұлттық валютадағы жинақтау салымы  (депозит) бойынша  20 миллион теңгеден аспайды;

–  ұлттық валютадағы басқа  салымдар бойынша (ағымдағы шоттар мен төлем карточкалары) 10 миллион теңгеден аспайды;

– шетел валютасындағы депозиттер бойынша (ағымдағы шоттар мен төлем карточкалары) 5 миллион теңгеден аспайды.

 

Бұл ретте егер сіздің әр түрлі валюта мен түрлері бойынша  бірнеше салымдарыңыз болса, онда депозиттің  әрбір түрі бойынша белгіленген лимиттерді ескере отырып, олар бойынша кепілдік өтем жиынтығында 20 миллион теңгеден аспауға тиіс.

 

ҚДКБҚ ақшаны банкті лицензиядан айыру күніне есептелген сыйақымен бірге төлейді. ҚДКБҚ шетел валютасындағы салымдар бойынша өтемді банк лицензиясынан айырылған күнгі айырбас бағамы бойынша теңгемен есептейді және төлейді.

Кепілдікті өтем тек ұлттық валютада төленеді. Шетел валютасындағы салымдар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2020 жылғы 18 қыркүйектегі бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледі:
USD — 422,9 KZT.
EUR — 498,9 KZT.
RUB — 5,64 KZT.
GBP — 548,59 KZT.

“Қазақстанның депозиттерді кепілдендіру қоры” АҚ арнайы қордың қаражаттары есебінен Tengri Bank-тің салымшыларына өтемді төлеу үшін Еуразиялық банкті ақшалай қаражаттармен толық көлемде қамтамасыз етеді.

Өтемді төлеу 5 тәсілмен жүзеге асырылады:

  • Еуразиялық банкте депозит, ағымдағы немесе карточкалық шот ашылған болса, соларға аударыммен.
  • Еуразиялық банктағы жаңа депозитке немесе ағымдағы шотқа аударыммен.
  • Кассадан қолма-қол ақшамен.
  • Басқа банкке аударыммен.
  • “Еуразиялық банк” АҚ бөлімшесіне жолыққан кезде лезде атаусыз картаға аударым жасау арқылы.

Назар аударыңыз!

Өтемді ішінара алуға болмайды (мысалы, бір бөлігін депозитке, бір бөлігін қолма-қол ақшамен немесе картаға), тек толық сома алынады. Алғаннан кейін қаражатты сіз өз қалауыңыз бойынша бөле аласыз.

Кепілдік өтемақыны қолма-қол ақшамен алу кезінде, Еуразиялық банктегі ағымдағы немесе жаңа депозиттік шотқа аудару арқылы комиссия алынбайды.

Еуразиялық банктегі ағымдағы немесе жаңа картадан кепілдік өтемақыны алу кезінде, сондай-ақ аудару кезінде Еуразиялық банктің қолданыстағы тарифтеріне сәйкес комиссия алынады. Толығырақ «Тарифтер».

Басқа банктегі шотқа аудару кезінде Еуразиялық банктің қолданыстағы тарифтеріне сәйкес комиссия алынады. Толығырақ «Тарифтер».

1. ЖСН бар жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы.
2. Сондай-ақ, “Еуразиялық банк” АҚ-қа жүгінген кезде сізге кепілдікті өтемді төлеуге өтініш берілетін болады, оны өз қолыңызбен толтыруыңыз қажет. Қажеттілік туындаған болса, банк қосымша құжаттарды сұрайтын болады*.

 

Егер сіз сенім білдірілген тұлға болсаңыз, өтемді алу үшін сізге:
1. Сенім білдірілген тұлғаның ЖСН-і бар жеке басын куәландыратын құжатының түпнұсқасы.
2. “Tengri Bank” АҚ-та ашылған салымдар бойынша “Еуразиялық банк” АҚ-та кепілдікті өтемді алу құқығына сенімхаттың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған сенімхат.
3. Сондай-ақ, “Еуразиялық банк” АҚ-қа жүгінген кезде сізге кепілдікті өтемді төлеуге өтініш берілетін болады, оны өз қолыңызбен толтыруыңыз қажет. Қажеттілік туындаған болса, банк қосымша құжаттарды сұрайтын болады*.

 

Егер сізге өтем мұра берілсе, сізге келесілер қажет:
1. Мұрагердің ЖСН-і бар жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы.
2. Мұраға құқық туралы куәлік (немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі) немесе оның заңды күшіне енгені туралы белгісі бар сот шешімі.
3. Депозитордың қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі және заңнамада және “Еуразиялық банк” АҚ ішкі құжаттарымен қарастырылған өзге де құжаттар.
4. Сондай-ақ, “Еуразиялық банк” АҚ-қа жүгінген кезде сізге кепілдікті өтемді төлеуге өтініш берілетін болады, оны өз қолыңызбен толтыруыңыз қажет. Қажеттілік туындаған болса, банк қосымша құжаттарды сұрайтын болады*.

 

Егер сіз тегіңізді, атыңызды немесе әкеңіздің атын өзгерткен болсаңыз, сізге келесілер қажет:
1. ЖСН-і бар жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы.
2. АХАЖ органдары берген неке қию туралы куәлік немесе тегін, атын және әкесінің атын ауыстыру туралы куәлік.
3. Сондай-ақ, “Еуразиялық банк” АҚ-қа жүгінген кезде сізге кепілдікті өтемді төлеуге өтініш берілетін болады, оны өз қолыңызбен толтыруыңыз қажет. Қажеттілік туындаған болса, банк қосымша құжаттарды сұрайтын болады*.

 

Егер сіз жеке кәсіпкер болсаңыз (шаруа немесе фермер қожалығының субъектісі, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат немесе кәсіби медиатор-Қазақстан Республикасының резиденті), сізге келесілер қажет:
1. ЖСН-і бар жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы.
2. Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, шаруа (фермер) қожалығын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе нотариалдықық/адвокаттық қызметті немесе жеке сот орындаушысының қызметін жүзеге асыруға лицензия.
3. Сондай-ақ, “Еуразиялық банк” АҚ-қа жүгінген кезде сізге кепілдікті өтемді төлеуге өтініш берілетін болады, оны өз қолыңызбен толтыруыңыз қажет. Қажет болған жағдайда банк қосымша құжаттарды сұрата алады*.

* Қосымша құжаттардың тізімі
Сенім білдірілген тұлға өтініш білдірген жағдайда: сәйкестендіру құжаттарында депозитордың жеке басын куәландыратын деректер болмаса, депозитордың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (ЖСН-і бар).

Егер өтініш берушінің өкілеттігі нотариалды куәландырған сенімхатпен расталса, онда сенімхаттың:

Депозитордың, мұрагердің өкілі немесе шетелдік азамат болып табылатын өзге де өтініш беруші өтініш жасаған жағдайда, оларға нотариалды куәландырған сенімхат беріледі. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда сенімхатқа апостиль қойылуы немесе консулдық заңдастырылуы қажет. Егер сенімхат жасалып, апостиль шет тілінде ресімделген болса, депозитордың немесе өтініш берушінің өкілі мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аудармасы белгіленген тәртіппен нотариалды куәландырылған, апостиль қойылған сенімхат ұсынады.

Құжаттар тізімін жүктеу.

“Tengri Bank” АҚ-ғы шот нөмірі белгісіз жағдайлар үшін сенімхат үлгісін жүктеу.

“Tengri Bank”АҚ-ғы шот нөмірі белгілі болған жағдайлар үшін сенімхат үлгісін жүктеу.

Ақшалар жүгінген кезде берілетін болады. Сенімді тұлғаларға, мұрагерлерге, жеке кәсіпкерлерге, кәмелетке толмағандарға, аты-жөнін өзгерткен депозиторларға ақша беру заңи қорытынды жасау қажеттілігіне байланысты кепілдікті өтемді төлеу құқығын растайтын барлық қажетті құжаттарды ұсынған күннен бастап 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі

Депозит кепілді өтеуді төлеу құқығын растайтын барлық қажетті құжаттарды ұсынған жағдайда, өтінім жасалған күні ашылады.

Ақша жаңа депозит ашылған немесе ағымдағы депозитке аударылған күні түседі.

Атаулы емес карта кепілдікті өтемді төлеу құқығын растайтын барлық қажетті құжаттар ұсынылған жағдайда өтініш жасалған күні шығарылады.

Ақша кепілдікті өтем ағымдағы картаға аударылған күні есептеледі.

Аударым келесі банктік жұмыс күні жүзеге асырылады.

Банкаралық аударымдар, сондай-ақ бюджетке төлемдер 15:50-ден кейін және/немесе демалыс/мереке күндері жасалған кезде қаражатты аудару күні келесі банктік жұмыс күні болып есептеледі.

Tengri Bank салымшыларына Еуразиялық банктің файлда көрсетілген тізімдегі бөлімшелерінде өтем беріледі. Бөлімшелердің жұмыс кестесі мен мекенжайларын eubank.kz-те  Бөлімшелер мен терминалдарбөлімінен қараңыз.

Нұр-Сұлтандағы екі бөлімше (Момышұлы көшесі, 4; Кенесары даңғылы, 44) “Tengri bank” АҚ бойынша кепілдікті өтемді алудың тек 4 қолма-қол ақшасыз тәсілін ұсынады:

1. “Еуразиялық банк” АҚ жаңа картасына аударым.

2. “Еуразиялық банк” АҚ-ғы депозитке, ағымдағы немесе карточкалық шотқа аударыммен, егер осындайлар ашылған болса.

3. “Еуразиялық банк” АҚ-ғы жаңа депозитке немесе ағымдағы шотқа аударым.

4. Басқа банкке аударым.

Шағын кеңселерде өтемді төлеу жүзеге асырылмайды.

Егер 3 немесе 4 қазан күні Еуразиялық банктің бөлімшесіне баруды жоспарласаңыз, тізімде көрсетілген бөлімшелердің бірін таңдауға кеңес береміз.

Егер сіздің жеке басты куәландыратын құжатыңызда ЖСН болмаса:
1) уәкілетті органнан ЖСН алу қажет.
2) ЖСН алғаннан кейін кепілдікті өтем бойынша тізімге өзгерістер енгізу үшін Tengri Bank уақытша әкімшілігіне жүгінуге құқылы.
3) ЖСН алғаннан кейін және Tengri Bank уақытша әкімшілігіне жүгінгеннен кейін кепілдікті өтемді алу үшін Еуразиялық банкке келу қажет.

Tengri Bank-тің тарату комиссиясына, сондай-ақ Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына жүгініңіз.

Көрсетілген берешектер болған жағдайда өтемді қолма-қол ақшамен ғана алуға болады. Заң бойынша банктер салық берешегі бар клиенттер үшін кез-келген шоттар ашуға құқылы емес. Өтемді алу кезінде мәселелер туындамау үшін kgd.gov.kz Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында берешектің бар-жоғын тексеруді ұсынамыз, егер қарыз болса, оны жабыңыз.

Төлеуге жататын кепілдікті өтем клиенттің Tengri Bank алдындағы қолданыстағы міндеттемелерін ескере отырып есептеледі. Осылайша, берешек төлемге дейін төленетін сомадан алынады.

Өтем жөніндегі сұрақтармен Сіз Еуразиялық банктің байланыс орталығына төмендегі телефондар арқылы хабарласа аласыз.
* Қалалық: +7 (727) 332-77-22.•
Beeline: +7 (771) 000-77-22.•
Tele2/Altel: +7 (700) 000-77-22.•
Kcell: +7 (702) 010-77-22.

Facebook: facebook.com/eurasianbank
Instagram: instagram.com/eurasianbank

Тарату комиссиясы:
Алматы қ-сы, Абай даңғылы, 10а (телефон: +7 (727) 244-93-07)
Нұр-Сұлтан қ-сы, Иманов к-сі, 13, “Нурсаулет” бизнес-орталығы (телефон: +7(7172)476-884+7(7172)476-883)
Павлодар қ-сы, Астана к-сі, 119 (телефон: +7(7182)77-08-08 (вн.4636))
Ақтау қ-сы, 12-ші ықшам аудан, 60/1 ғимарат (телефон: +7(7292)203-533)
Тараз қ-сы, Абай к-сі, 106 (телефон: +7(7262)999-770)
Көкшетау қ-сы, Ғабдуллин к-сі, 40 Б (телефон: +7(7162)910-001)
Қарағанды қ-сы, Костенко к-сі, 6 (телефон: +7(7212)956-777)
Шымкент қ-сы, Асқаров к-сі, 32 А (телефон: +7(7252)403-434+7(7252)393-434)
Қаскелең қ-сы, Наурызбай батыр к-сі, 27 А (телефон: +7(72771)79-999)
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры
Call-орталық: 1460.
kdif.kz.

Депозиттер

“Turbo Deposit”

(Мерзімді депозит)

  • жылдық 13,5% дейін
  • 1 000 ₸-ден бастап минималды сома
  • толықтыру және ішінара алу

“Turbo Deposit Жинақтаушы”

(Жинақ салым депозит)

  • жылдық 14,6% дейін
  • 15 000 ₸ дейін минималды сома
  • ақшаны ішінара алу мүмкіндігісіз​

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.