logo
Қз

Экранның арғы жағында: интернет-алаяқтардың тұзағына түспеу жолдары

Назар аударыңыз! Алаяқтықтың жаңа амалы пайда болды!

 

Соңғы кездері қазақстандықтарға өздерін банк қызметкеріміз деп таныстыратын алаяқтар телефон соғуда. Олар сіздің депозитіңізге қауіп төнгенін хабарлайды, ақшаны жедел шешіп алуды немесе депозитті «қауіпсіз шотқа» аударуды ұсынады. Бұл айлаға берілмей, керісінше банкке жедел түрде қоңырау шалыңыз!

 

Алаяқтардан бір қадам алда болуға және ақшаңызды үнемдеуге көмектесетін тағы бірнеше кеңестер:

— Жеке деректеріңізбен ешкіммен бөліспеңіз! Телефон алаяқтарының, әсіресе несиелерді немесе шоттарды жабу туралы өтініштерінен сақ болыңыз.

— Ақшаны аудармас бұрын алушының мәліметтерін тексеріңіз.

— Ешқашан SMS-те көрсетілген код пен PIN-кодтарды үшінші тұлғаларға, тіпті туыстарыңызға айтпаңыз.

— Құрылғыларыңызға AnyDesk және RustDesk сияқты бағдарламаларды орнатпаңыз. Күдікті жағдайларға тап болсаңыз, банкке немесе құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.

 

Өзіңізге және қаржыңызға қамқор болыңыз! Алаяқтардан бір қадам алда болыңыз!

Интернет-алаяқтықтың ең көп таралған түрлері: 

 

1. Вишинг (voice phishing) — телефондық алаяқтық. Мұндай жағдайларда арам пиғылды адамдар абоненттік нөмірді ауыстыру үшін көбінесе IP-телефонияны пайдаланады, өйткені өздері Қазақстанда тұрмауы мүмкін.

 

Әдетте алаяқтар қоңырау шалып, шоттағы күдікті операциялар туралы хабарлайды. Адамның бойын үрей билеп, уайымдай бастайды, зиянкестер осы сәтті пайдаланады. Қорқынышқа бой алдырған адам психологиялық айла-тұзаққа оңай түседі. “Банк қызметкерлерінің” немесе “ІІМ органдары немесе прокуратура қызметкерлерінің” атын жамылғандар клиентке қаражатты дереу “сақтандыру” шотына аударуды ұсынады. Олар үрейдің әсерін күшейте отырып, ақшаны ұрлатып алмау үшін дербес деректерді тезірек жіберу қажет екендігіне сендіреді.

 

Мұндай жағдайда алдымен терең тыныс алып, жүрегіңізді басып, басыңызды іске қосыңыз, банк сізге бұл жағдайда дереу сөйлесуді доғарып, кеңес алу үшін банкке қоңырау шалуды ұсынады. Шын банк қызметкері ешқашан жеке деректерді нақтылау үшін қоңырау шалмайды. Банкте барлық клиенттердің деректері жинақталған ақпарат қоры бар. Тек алаяқтар ғана мұндай ақпаратты кез-келген жолмен алуға тырысады.

 

2. Е-mail-таратылым арқылы жүзеге асырылатын фишинг-алаяқтық.

 

Мұндай хаттарда “авторлар” банк сайтына ұқсас ойдан шығарылған сайтқа немесе, мысалы, танымал дүкенге ұқсас жалған сайтқа сілтеме жасап, карта деректерін толтыру үшін хатты ашуды сұрайды. Банк мұндай хаттарды ешқашан жібермейді, бұған күмәніңіз болмасын. Мұндай пошта мекенжайын бұғаттап, бұл оқиға туралы дереу банкке хабарлауыңызды сұраймыз.

 

3. Team Viewer, AnyDesk сияқты қашықтан басқару бағдарламасын орнату.

 

Team Viewer, AnyDesk қосымшалары бөтен адамға компьютерге немесе смартфонға қашықтан қосылуға мүмкіндік береді. Екі бағдарлама да лицензияланған, ешқандай қауіп немесе қатер төндірмейді, бірақ алаяқтардың қолына түссе шығынға батырары сөзсіз.

 

Сондай-ақ алаяқтар әртүрлі қазақстандық банктердің клиенттеріне солардың қызметкерлері ретінде қоңырау шалып, адамға оның картасынан әлдекімдердің халықаралық ақша аударымын жасауға, несие рәсімдеуге, ақшаны “қауіпсіз” шотқа аударуға немесе басқа да күмәнді операция жасауға тырысқанын хабарлайды. Ақшаны сақтап қалу үшін қаскөйлер өз құрбанын AnyDesk немесе TeamViewer бағдарламасы болып табылатын арнайы қосымшаны орнатуға иландырады. Қосылу кодын алғаннан кейін ғана олар смартфонда сақталған логиндерге, парольдерге және мобильді банкингке қол жеткізеді.

 

4. Дипфейктер — алаяқтықтың әлеуметтік инженерия мен жасанды интеллект — дауысты өзгерту технологиясын қолданатын жаңа түрі. Дипфейктердің көмегімен зиякестер банк шотына қол жеткізу, оны қолма-қол ақшаға айналдыру және жалған несиелер беру үшін біреудің бет әлпетін өз пайдасына жарата алады немесе ойдан шығара алады.

 

Жасанды интеллектті қалай анықтауға болады?

 

Мұндай жағдайда оның бет әлпетіне мұқият назар аударыңыз, көзі әдеттен тыс жыпылықтап, еріннің жыбыры мен айтылған сөздің арасында сәйкестік болмауы мүмкін, аздап тұтыққандай немесе робот сөйлеп тұрғандай болуы, жауаптар біржақты берілуі мүмкін. Жалпы біртүрлі болып көрінген нәрсенің бәріне күмәнмен қараған жөн.

Егер сіз бірдеңеден күдіктенсеңіз, әңгімені дереу аяқтап, банкке қайта қоңырау шалыңыз.

 

 

Мына бір қарапайым ережелер сіздің деректеріңізді қылмыскердің қақпанынан құтқаруға көмектеседі:

 

— ешкімге төлем картаңыздың деректемелерін (нөмірі, қолданылу мерзімі, CVV/CVC, ДСН-код) айтпаңыз;

– SMS-тегі кодтарды хабарламаңыз;

— біреудің өтініші бойынша мобильді банкингтегі телефон нөмірін өзгертпеңіз;

— егер сізге өз банкіңіздің байланыс орталығының нөміріне ұқсас телефон нөмірінен қоңырау шалып, дербес деректерді сұрап жатса, әңгімені доғарып, мобильді банкингке кіретін құпиясөздерді дереу өзгертіңіз;

— мобильді банкингтегі логин мен құпиясөзді ешкімге бермеңіз;

— мобильді банкинг үшін бірегей және күрделі құпиясөз ойластырыңыз;

— белгісіз адамдар жіберген хаттардағы сілтемелерге өтпеңіз;

— компьютерге және смартфонға вирусқа қарсы бағдарламаларды орнатып, оларды үнемі жаңартып отырыңыз;

— белгісіз, әсіресе ресми емес ресурстардан жүктелген бағдарламалар мен қосымшаларды орнатпаңыз;

— интернетке тегін кіруді ұсынатын қоғамдық орындарда

(мысалы, интернет-кафелер мен ойын клубтары) мобильді банкингті пайдаланбаңыз.

 

Егер деректеріңіз қаскүнемдердің қолына түсті деп күдіктенсеңіз немесе сіздің шотыңызда сіздің рұқсатыңызсыз операция жүріп жатқанын байқасаңыз, дереу өз банкіңіздің байланыс орталығына немесе колл-орталығына хабарласыңыз.

 

 

Еуразиялық банктің клиенттері мына нөмірлерге тәулік бойы қоңырау шала алады:

 

+7 (771) 000-77-22 — Beeline;

+7 (700) 000-77-22 — Tele/Altel;

+7 (702) 010-77-22 — Kcell/activ.

 

 

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.