Эквайринг (acquiring) – бұл қолма-қол ақшасыз төлемдер жүргізуге мүмкіндік беретін банк қызметі. Эквайрингтің көмегімен клиент POS-терминал арқылы пластик картамен төлей алады, ал эквайер-банк Шартта көрсетілген мерзімде кәсіпкердің шотына ақша аударады.
Эквайрингтің артықшылықтары
Эквайринг бизнес үшін де, клиент үшін де тиімді. Бірінші жағдайда келесі артықшылықтарын атап көрсетуге болады:
тиімді тарифтер;
қолма-қол қаражат айналымына қызмет көрсету (қайта санау, инкассация, сақтау) шығындарын азайту;
жалған купюраларға тап болу қаупін азайту;
карталармен оңай жұмыс істеу;
табысты молайту, өйткені клиенттер бірнеше тәсілмен төлем жасай алады;
бәсекеге қабілеттілікті арттыру.
Клиент үшін артықшылықтары:
қызметтерді жылдам алу;
қолма-қол ақшасыз есеп айырысу;
кредиттік карта болған жағдайда соманы бөліп төлеу.
Тиімді банк эквайрингіне қалай қосылуға болады?
Бизнес қызметінің түріне және орташа айналымына қарай арнайы Сіз үшін жеке тариф таңдап береміз:
4. Сауда кәсіпорнымен жасалатын POS шартының талаптарымен танысып, келіскен жағдайда қол қою.
5. Банктен қаражат аудару үшін тиісті деректемелерді көрсету.
Клиенттерге қойылатын талаптар
Қолма-қол ақшасыз төлемдер жүргізу мүмкіндігін алу үшін ұйым банкке өзінің қаржылық-шаруашылық жағдайы туралы мәліметтерді ұсынуы тиіс. Клиент ЖШС, ЖК немесе басқа да қолданыстағы нысанда тіркелген жағдайда ғана қызметке қосыла алады.
Банк кәсіпкерлік қызметті жүргізуге берілген рұқсатты, тиісті лицензияларды және ұйым деректерін сұратып, талап етуге құқылы.
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.