logo
Қз

Еуразиялық банк 2013 жылды 34,3% пайда өсімімен аяқтады (ҚРҰБ қаржылық есептілік стандарттары бойынша)

28.01.2014, Алматы. 2013 жылдың қорытындылары бойынша Еуразиялық банк негізгі көрсеткіштердің сенімді өсімін көрсетті. ҚРҰБ стандарттары бойынша шоғырландырылмаған қаржылық есептілікке сәйкес Банктің таза табысы салық шегерімімен 12.9 млрд теңгені құрады, ол 2012 ж. соған ұқсас көрсеткішінен 34,3%-ға асады. Банктің таза табысы ҚҚК сәйкес 14,6 млрд теңгені құрады немесе 2012 ж. салыстырғанда 48,2%-ға артық.

 

Банк активтері 26,1%-ға, 587 млрд теңгеге дейін артты, ал несиелік портфель 20.7%-ға, 460 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Несиелік портфельдің құрамында 2013 ж. соңына 51,7% корпоративтік, шағын және орта бизнес үлесіне келеді. Бөлшек портфельде (49,3%) қамтамасыз етілмеген қарыздар үлесі 23,3%-ды құрады.

Капитал тиімділігі (RoAE) мен активтер тиімділігінің (RoAA) көрсеткіштері 2012 ж. салыстырғанда 1,3%-ға және 9,4%-ға өсіп,  24.9% және 2,4%-ды құрады. (ҚҚК деректері бойынша  ROAE көрсеткіштері 2013 ж. 28.3%-ды және ROAA – 2.8%-ды, ал өсім өткен жылмен салыстырғанда 11,8% және 20,6%-ды құрады).

 
Таза пайыздық маржа (NIM) бір жылда 16,5%-ға, 8,3% деңгейіне дейін өсті. Банктің есептелген пайыздық кірісіне қарсы нақты алынған кіріс үлесі 2013 ж. 91%-дан артты, бұл ретте операциялық шығыстардың операциялық кіріске қатынасының көрсеткіші провизиялар шегерімімен 6%-ға, 53,5% деңгейіне дейін қысқарды.

 

Бір жылда клиенттер саны 67,5%-ға, 1,3 млн. дейін, ал белсенді клиенттер қоры 33.9%-ға, 867 436 дейін артты.

 

Сервистік инфрақұрылымды дамыту және техникалық платформаны нығайтуды жалғастыра отырып, Еуразиялық банк 2013 ж. 44 жаңа бөлімше мен 2 филиал ашты, 95 жаңа банкомат және 169 ақпараттық – төлем терминалын орнатты.  Қазақстан аумағында Банктің сату орындарының жалпы саны  3 225-ты құрады.

 

Аталған көрсеткіштер соңғы төрт жыл бойы оң серпінділікті сақтап отырған Банк үшін рекордтық болып табылады. Бұл ретте кредиттік портфель өсімі жағдайында банктің проблемалық қарыздар үлесі (NPL) 2013 ж. соңында 8.9%-ды құрадыол сектордағы ең үздік көрсеткіш болып табылады.

 

Жылды қорытындылай келе, Еуразиялық банк басқармасының төрағасы Майкл Эгглтон былай деді: «Біз 2013 ж. алдымызға қойған жоспарларды асыра орындадық. Банк бірқатар көрсеткіштер бойынша сектордың сөзсіз көшбасшысы бола отырып, дамуын жалғастыруда». Біз жаңа жылда кәсіби сервис пен клиенттерге тиімді талап етілген өнімдерді ұсына отырып, клиенттерімізге сенімді серіктес болу үшін бұрынғыдан да артық күш-жігерімізді жұмсауға дайынбыз».

 

Анықтама:
«Еуразиялық банк» АҚ – барлық сегменттің клиенттері үшін өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк. 1994 жылы іргесі қаланған Банктің бүгінде Қазақстанның барлық өңірлерінде жұмыс істейді. Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі бар. S&P соңғы рейтингі: «оң» болжамымен В+, KZRating: халықаралық шкала бойынша ВВ+, ұлттық шкала бойынша А+, болжам «тұрақты». KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.

Банктің табысты қызметі 2012 ж. және 2013 ж. қорытындылары бойынша «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» (Asian Banking & Finance), 2012 ж. және 2013 ж. қорытындылары бойынша «Қазақстанның үздік банкі» (Euromoney) және 2012 ж. «Қазақстандағы жыл банкі» (The Banker) номинацияларындағы марапаттармен расталған.

«Еуразиялық банк» АҚ Баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 4802)
press@eubank.kz
www.eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.