logo
Қз

Еуразиялық Банк 2013 жылы «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» атағын иеленді

22.07.2013 — Алматы. Еуразиялық Банк екінші жыл қатарынан Asian Banking & Finance журналының «Қазақстанның үздік банкі» номинациясында марапатқа ие болып отыр. Орталық Азия өңірінің жетекші қаржы басылымы жыл сайын Азияның ең ірі банктері мен қаржы институттары арасындағы көшбасшыларды марапаттайды. Үстіміздегі жылы салтанатты марапаттау Сингапур қаласында өтті. Атаулы оқиғаға әлемнің жиырмадан артық елінен екі жүзден аса банкир жиналды.


Asian Banking & Finance 
журналының марапаты қаржы көрсеткіштері талдаудан өткен соң ғана беріледі, оған қоса жалпы стратегия мен инновацияларды пайдалану есепке алынады. Банктің бағалауын дүниежүзіне танымал тәуелсіз бағалаушылар жүргізеді. Осы жылы әділқазылар алқасын Accenture халықаралық консалтингілік компаниясы мен «әлемдік аудиттің үлкен төрттігі» — PricewaterhouseCoopers, Deloitte, Ernst & Young және KPMG мамандары құрады.

Тәуелсіз әділқазылар Еуразиялық Банктің елеулі қаржылық көрсеткіштерін атап өтті. Банк екі жылдың ішінде Қазақстанда жаңа дәрежелі бөлшек желі қалыптастыра алды. Орташа есеппен 2012 жылдың басынан Банк аптасына бір бөлімше ашып отырды және бүгінгі күнде 2800-ден аса сату орындары жұмыс істейді. Әлемнің жетекші банктері деңгейінде қызмет көрсететін жоғары технологиялық «Болашақ филиалдары» ерекше мақтаныш сезімін туғызады. 2013 жылдың 6 айы ішінде Еуразиялық Банк 260 000-нан аса жаңа кредит берді, олардың 79%-ы Қазақстанның ірі қалалары Астана мен Алматыда емес, өңірлерде берілді.

«Еуразиялық банк жоғары бәсекелестік ортадағы үздік көрсеткіштерін сақтап отырғанына қуаныштымын. Басқарушы директор Бертран Госсардың жетекшілігіндегі Бөлшек департамент алға қойған жоспарларды асыра орындауда. Осындай беделді марапатқа ие болғанымызды мақтан етеміз, осыдан әрі қарай да клиенттеріміздің сенімдерін сақтау үшін жұмысымызды жалғастырамыз, — деді Еуразиялық банктің Басқарма төрағасы Майкл Эгглтон.

Рейтингтер бойынша қазақстандық «Еуразиялық банк» АҚ (Еуразиялық банк) болжамын «Тұрақтыдан» «Оңға» өзгерткен Standard & Poors кредиттік рейтингтер қызметі де Банктің өткен екі жылдағы оң серпінділігін атап өтті. Банктің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредит рейтингтері “B+/В” деңгейінде расталды және ұлттық шкала бойынша рейтинг “kzBBB”-ден “kzBBB+”-ке дейін жоғарылады.

 

Анықтама:

«Еуразиялық банк» АҚ — барлық сегменттің клиенттері үшін өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк. 1994 жылы іргесі қаланған Банктің бүгінде Қазақстанның барлық өңірлерінде 20 филиалы мен 121 бөлімшесі жұмыс істейді. 30.06.2013ж. жағдай бойынша Банк активтерінің көлемі өткен жылдың соған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 23.8%-ға ұлғайып, 541,5 млрд. теңгеден асты.

Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі бар. S&P соңғы рейтингі: «Оң» болжамымен В+. KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы. Банктің табысты қызметі 2012 жылы «Қазақстанның үздік банкі» (Euromoney), «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» (Asian Banking & Finance) және «Қазақстандағы жыл Банкі» (The Banker) номинацияларындағы марапаттармен расталған.

 

«Еуразиялық банк» АҚ Баспасөз қызметі 
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 4802)
press@eubank.kz
www.eubank.kz

 

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.