logo
Қз

«Еуразиялық банк» АҚ және «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2018 жылғы 12 қараша, Астана қ., Баспасөз релизі Тараптар құжатқа сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында энергетика, машина жасау, инфрақұрылым және өнеркәсіп салаларындағы жобаларды іске асыруға бағытталған ұзақ мерзімді өзара тиімді ынтымақтастықты орнатуға мүдделік танытады.

 

Ынтымақтастық екі институттың да клиенттері үшін мүмкіндіктер ашады. Өз тарапынан «Қазына Капитал Менеджмент» әрі қарай жаңғырту, өрістету және дамыту үшін қосымша қаржыландыру қажет болатын компаниялардың серіктесі болып, олардың капиталына ене алады. Еуразиялық банк «Қазына Капитал Менеджмент» акционері болып табылатын кәсіпкерлерге жаңғырту, айналым қаражатын толықтыру және басқа да бизнес-мақсаттар үшін қосымша қаржы қажет болған немесе қымбат кредиттерді қайта қаржыландыруға ниет білдірген жағдайда бұл кәсіпкерлер үшін кредит беруге дайын.

 

Еуразиялық Банктің Басқарма төрағасы Шухрат Садыров: «Келісім екі компанияның да клиенттеріне қосымша ресурстарға қол жеткізу мүмкіндігін береді. Еуразиялық банктің әртүрлі салалардағы кәсіпкерлермен жұмыс тәжірибесі орасан зор, сондықтан біз корпоративтік клиенттерге тек қаржыландыруды ғана емес, барлық есеп айырысу-кассалық қызметтерін де ұсына аламыз. Жинақталған тәжірибенің арқасында біздің қаржы институтымыз компанияларға барлық қаржылық шешімдер бойынша кеңес беру көмегін де көрсетеді.  Осындай жағдайларда «Казына Капитал Менеджментпен» меморандумға қол қою өз компанияларын дамытуда қаржылық мұқтаждық көріп отырған қазақстандық бизнесмендер үшін мүмкіндіктер ашады», – деп атап өтті.

 

Еуразиялық банк өзі жұмыс істеген жылдары корпоративтік сектор мен ШОБ саласында қызмет көрсету бойынша көшбасшылардың біріне айналды, ол ұзақ мерзімді жобаларды қаржыландыру бойынша есеп айырысу-кассалық қызметтерден бастап мәмілелерді құрылымдауға дейінгі кешендік қызметтерді көрсетеді.

 

«ҚКМ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Асет Сагимбеков: «Мұндай ымыра Еуразиялық банк пен «ҚКМ» компаниясының ықтимал және қолданыстағы жобаларына банктік қарыздар түрінде болсын, капиталға қатысу нысанында болсын қосымша қор жинауға мүмкіндік береді. Бұл жобаларды іске асыру жағдайларын жақсартады, ал қазақстандық кәсіпкерлерге бизнесін дамыту және оның бәсекелеске қабілеттілігін арттыру үшін қосымша мүмкіндіктер мен ресурстар береді», – деп түсіндірді.

 

Асет Сагимбеков мемлекеттік-жеке серіктестіктің экономиканың басым салаларын дамытуға ықпал ететінін, өйткені ҚКМ құрамына кіретін көпшілік қорлардың инвестициялау мандаты мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жұмылдырылғанын атап өтті.

 

Тараптар бұл ынтымақтастық ел экономикасының басым секторларының табысты дамуына ықпалын тигізеді деп сенім білдіреді.

 

Анықтама үшін

«Қазына Капитал Менеджмент» («ҚКМ») АҚ – бұл 2007 жылы ұлттық экономиканың тұрақты дамуына көмектесу үшін құрылған тікелей инвестиция (private equity) қорларының қоры.  «ҚКМ» отбасы қорлары экономиканың әртүрлі секторларында әрі қарайғы өркендеу және бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында капитал береді. «Қазына Капитал Менеджмент»  халықаралық институционалдық инвесторлармен бірлесе отырып 13 private equity қорды тиімді басқарады, олардың жалпы капиталдандыруы 2,4 млрд АҚШ долларын құрайды . «ҚКМ» компаниясы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрылымына кіреді.

 

«Еуразиялық банк» АҚ – 24 жылдық даму тарихы бар әрі Қазақстандағы әлеуметтік маңызы зор коммерциялық банктердің бірі. Қаржы институты бөлшек банкинг нарығында көшбасшылық жайғасымға ие, корпоративтік клиенттер мен ШОБ клиенттеріне көптеген қызмет түрлерін көрсетеді. 2017 жылғы 4 қыркүйекте Еуразиялық банктің Директорлар кеңесі бөлшек бизнестің дамуын көздеумен жасалған қаржы институтының 2022 жылға дейінгі даму стратегиясын қабылдады. Еуразиялық банк «ERG» ірі әртараптандырылған компаниясының иелері Александр Машкевичке, Алиджан Ибрагимовқа және Патох Шодиевке тиесілі.

 

«Еуразиялық банк» АҚ PR-қызметі:

+7(727) 2599 599 ішкі 3453

press@eubank.kz

www.eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.