logo
Қз

Еуразиялық банк барлық ҚР ЕДБ карталары арасында аударымдарының онлайн-сервисін іске қосты

18.01.2016, – Алматы.  Қаңтар айында Еуразиялық банк барлық қазақстандық банктердің карталары арасында ақша аударымдарына арналған Pay.Smartbank.kz  онлайн-сервисін іске қосты. Картадан картаға ақша аудару үшін алушының картасының 16 саннан тұратын нөмірі мен жолдаушының картасының нөмірін, әрекет ету мерзімі мен CVV-кодты білу жеткілікті. Осы сервистің көмегімен интернет-банкингке тіркелместен немесе банк бөлімшесіне бармастан картадан картаға ақша аударуға болады. Аударымдар 24/7 режимінде жүзеге асырылады, ал 3DSecure анықтаудың екі деңгейлі жүйесі транзакциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

 

«Картадан картаға қашықтықтан ақша аудару әдеттегі банкаралық аударымдардан тиімділігімен ерекшеленеді: клиентке бөлімшеге барудың қажеті жоқ. Ақшаны есепке алу мерзімі  эмитент-банкке байланысты, алайда көп жағдайда аударым бес минут ішінде жасалады. Бұған қоса, Pay.Smartbank.kzсервисінің көмегімен карталар арасында аударым Банк бөлімшесі арқылы ақша аударымға қарағанда арзанырақ. Осы айдан бастап-ақ Visa төлем жүйесінің карталары арасында аударымдар жасауға болады, ал ақпан айында сервисті MasterCard карталарын ұстаушыларға қосу жоспарлануда», – деп түсіндірді сервистің іске қосылуын Карточкалық бизнес және төлем қызметтері басқармасының бастығы Акдаулет Кударов.

 

Еуразиялық банктің картасына басқа банктердің карталарынан аудару кезінде комиссияның болмауы Еуразиялық банктің карталарын ұстаушылар үшін артықшылық  болып табылады.

 

Бір транзакция арқылы карта валютасының баламасында $2500 дейін аударуға болады, ал күндізгі лимит 1 000 000 KZT құрайды, бір айда жасалатын аударым лимиті – 10 000 000 KZT. Айырбастау халықаралық төлем жүйесінің бағамдары бойынша жүргізіледі.

 

Pay.Smartbank.kz порталында картадан картаға аударымдар жасаудан басқа Еуразиялық банктегі депозиттерді кез келген басқ банктің карталарынан толықтыру қызметі де қолжетімді. Қаражат салым валютасында есептен шығарылады. Егер карта валютасы басқа болса, айырбастау бағамын картаның эмитент-банкі белгілейді.

 

Анықтама:

Еуразиялық банк — барлық сегменттің клиенттеріне өнімдері мен қызметтерін ұсынушы қазақстандық әмбебап банк. 1994 ж. іргесі қаланған Банктің Қазақстанның барлық өңірлерінде бөлімшелері бар. Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі және Новосибирскте, Челябинск пен Омбыда филиалдары бар. S&P соңғы рейтингі: «тұрақты» болжамымен В. KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.

 

Банктің табысты қызметі халықаралық басылымдардың келесі аталған номинацияларындағы наградаларымен марапатталған – «Қазақстанның үздік банкі» – IAIR, 2014 ж., «Қазақстанның үздік банкі» – EMEA Finance, 2013 ж., 2014 ж. «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» – Asian Banking & Finance, 2012, 2013 және 2015 ж., «Қазақстанның үздік банкі» – Euromoney, 2012 ж. және «Қазақстандағы жыл банкі» – The Banker, 2012 және 2014 ж.

 

Еуразиялық банктің Баспасөз қызметі:

тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 3288)

press@eubank.kz

 www.eubank.kz

 

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.