logo
Қз

Еуразиялық банк Xerox-пен бірлесіп офистік баспа инфрақұрылымды басқару жобасын іске қосты

Алматы, 23 қаңтар 2014 жыл. Еуразиялық банк баспа процестерін басқаруды аутсорсингке сыртқы провайдер – Xerox компаниясына табыстады. Жобаны жүзеге асыру Банкке перифериялық жабдықтар паркін тиімді басқаруды жөнге келтіруге мүмкіндік берді.
Биыл 20 жылға толатын Еуразиялық банк – Қазақстанның барынша тұрақты және жедел дамушы әмбебап банктерінің бірі. Банк желісінде Қазақстан бойынша 20 филиал мен 143 бөлімше, сондай-ақ Мәскеу қаласында (Ресей) еншілес банкі жұмыс істейді. Еуразиялық банк клиенттің міндеттеріне қатысты жеке шешім қабылдау және жоғары технологиялар негізіндегі қаржыны басқару саласында озық шешімдер ұсынады.
Еуразиялық банктің Xerox офистік баспа инфрақұрылымын басқару функциясын беру жобасы 2013 жылғы наурызда басталды. Банк басшылығы баспа техникасы паркін басқару функцияларын, оны жөндеу және қызмет көрсету, шығыс материалдарын жеткізу және есеп беруді бейінді провайдерге аутсорсингке беру туралы шешім қабылдады. Жобаның серіктесі ретінде офистік баспа инфрақұрылым аутсорсинг қызметтерінің әлемдік көшбасшысы Xerox компаниясы таңдап алынды. Жобаның мақсаты баспа шығындарын кепілді қысқарту, ашықтықты қамтамасыз ету және Банк қызметкерлерін офистік баспа техникасына қызмет көрсетуге байланысты бейінді емес функциялардан босату. Жобаның алғашқы кезеңдерінде-ақ Xerox бақылау мен баспа инфрақұрылымын басқару шығындарының тиімді бөлінуін  қамтамасыз ете алды. Баспа құрылымдарының оңтайландырылған және стандарттандырылған желісі, сондай-ақ баға белгілеудегі көшірмелік үлгісі Банкке баспа инфрақұрылымды қолдаумен байланысты ағымдағы шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта қызмет банктің 20 бөлімшесінде қолданысқа енгізілуде; жақын арадағы жоспарларда – жобамен қамтылған бөлімшелер санын жүзге дейін арттыру.
«Xerox офистік баспа инфрақұрылымы аутсорсингі қызметтері нарығында әйгілі әлемдік көшбасшы болып саналады және баспа процестерін басқару бойынша көптеген жобаларды жүзеге асырды, соның ішінде ТМД елдері қатарында да, нақты атағанда Ресей мен Украинада. Еуразиялық банкпен жасалған жоба – Қазақстан аумағында қызметті қолданысқа енгізудің тұңғыш тәжірибесі, біз жобаның алғашқы кезеңдерінде-ақ келісімді көрсеткіштерге қол жеткізе алғанымызға қуаныштымыз, – дейді Xerox Орталық Азия өкілдігінің басшысы Владимир Малеев. –  Еуразиялық банкте қызметті қолданысқа енгізу біздің тапсырыс берушімізге жабдықтар паркінің тиімді басқаруын және бизнестің стратегиялық маңызды бағыттарын дамытуға ресурстар бөлінуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіндігіне сенімдіміз».
«Баспа инфрақұрылымын аутсорсингке беру туралы шешім қабылдай отырып, біз шығындарды қысқартуды мақсат еттік, бірақ жобаны іске асыру барысында баспа процестерін оңтайландыру клиенттерге қызмет көрсету жылдамдығы мен сапасына тікелей  әсер ететіні анық болды. Бұл жобаның ең маңызды нәтижелерінің бірі, Банктің басқа бөлімшелерінде аталған қызметті қолданысқа енгізу бизнес-процестер тиімділігі мен клиенттерімізбен өзара қарым-қатынастың жаңа деңгейіне көтерілуге мүмкіндік беретініне  сенім білдіреміз, – дейді Банктің ақпараттық технологиялар бағытына жетекшілік етуші Басқарушы директор Герман Тишендорф.

Анықтама:
«Еуразиялық банк» АҚ – барлық сегменттің клиенттері үшін өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк. 1994 жылы іргесі қаланған Банктің бүгінде Қазақстанның барлық өңірлерінде 20 филиалы мен 143 бөлімшесі жұмыс істейді. Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі бар. S&P соңғы рейтингі: «оң» болжамымен В+, KZRating: халықаралық шкала бойынша ВВ+, ұлттық шкала бойынша А+, болжам «тұрақты». KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.
Банктің табысты қызметі 2012 ж. және 2013 ж. қорытындылары бойынша «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» (Asian Banking & Finance), 2012 ж. және 2013 ж. қорытындылары бойынша «Қазақстанның үздік банкі» (Euromoney) және 2012 ж. «Қазақстандағы жыл банкі» (The Banker) номинацияларындағы марапаттармен расталған.

Xerox корпорациясы (NYSE: XRX)  – бизнес-процестерді басқару және $23 млрд. жуық айналымдағы  құжаттарды басқару шешімдерінің жетекші әлемдік өндірушісі. Кеңейтілген технологиялар портфелінің арқасында Xerox офис жұмысының сапалы қолдауын қамтамасыз етеді, ол клиенттерге тиімді бизнеске басты назар аударуға мүмкіндік береді.
Штаб-пәтері Коннектикут штаты Норуолк қаласындағы Xerox –  бүкіл әлем бойынша коммерциялық ұйымдар мен мемлекеттік кәсіпорындар үшін деректерді өңдеуді,  денсаулық сақтау саласының шешімдерін, адам ресурстарын, қаржылық қолдау мен клиенттермен қарым-қатынас жүйелерін қоса, көлемді құжатты бизнес-процестер мен IT-қызметтері аутсорсингі саласындағы ең ірі қызметтер провайдері. Компания сондай-ақ дербес пайдаланушыларға арналған үлгілерден бастап кез келген мөлшердегі кәсіби баспаға арналған жоғары технологиялық аппараттарға дейін кең көлемдегі сандық баспа жабдықтарын  ұсынады. Бүгінде әлемнің 160-тан аса елінде Xerox-тің  136,000-тан аса қызметкері жұмыс істейді. Компания, оның өнімдері мен қызметі туралы ақпарат  http://www.xerox.kz және http://www.xerox.com/http://news.xerox.comhttp://www.realbusiness.com немесе http://www.acs-inc.com сайттарда қолжетімді.
Инвесторларға арналған ақпарат: http://www.xerox.com/investor.

БАҚ үшін байланыс:

«Еуразиялық банк» АҚ Баспасөз қызметі 
тел.: +7 (727) 2 599 599 (ішкі 4802)
press@eubank.kz 
www.eubank.kz

Ольга Суркова, Xerox Central Asia, 
Тел.: +7 727 258 55 50,
olga.surkova@xerox.com

Екатерина Тян, Tayniy Sovetnik OgilvyPR, 
Тел.: + 7 727 250 62 09,
yekaterina.tyan@ogilvypr.kz

 
 

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.