logo
Қз

Еуразиялық банктің 60 мыңнан астам клиенттері теңгедегі депозиттер бойынша өтемақы ала алады

18.09.2015 Алматы. Еуразиялық банк теңгенің еркін құбылмалы бағам режиміне өтуге байланысты ҚР Ұлттық банкі әзірлеген теңгедегі депозиттер бойынша бағамдық айырма өтемақысы бағдарламасын іске асыруға кірісті.
Бағдарламаның басталғаны жайлы жарияланғаннан кейінгі алғашқы күннің өзінде-ақ Еуразиялық банк Қазақстан бойынша салымшылардан жалпы самасы 166 млн теңгеден асатын 490 өтініш алды.
Бағдарламаның талаптарына сәйкес келетін Еуразиялық банктің салымшыларының жалпы саны Қазақстан бойынша 60 мыңнан асады.
Өтемақыны алу үшін Еуразиялық банктің салымшылары 2015 жылғы 1 қазанға дейін банктің кез келген бөлімшесіне өтініш беріп, 2015 жылғы 18 тамыз күн соңындағы депозитте орналастырылған қаражат мөлшерінен аспайтын сомаға арнайы шот ресімдеуі қажет. Егер салымшылар осындай шотта қаражатты жыл бойы сақтаса, оларға 2015 жылғы 18 тамыз мен 2016 жылғы 30 қыркүйектегі доллардың теңгеге бағамының айырмасы есебінде өтемақы төленеді.
Арнайы шоттарда орналастырылған қаражатқа Еуразиялық банк мемлекеттік бағдарлама шеңберінде қарастырылған бағамдық айырма өтемақысына қосымша ретінде жылдық 10 % мөлшерінде сыйақы есептейді. Арнайы шоттағы қаражаттар Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорымен қорғалған. 
Жеке тұлғалардыңұлттық валютадағы депозиттерінің үлесі 2014 жылғы 01 қыркүйектегі жағдай бойынша 44,5%-дан ағымдағы жылдың осыған ұқсас күнінде 20,4%-ға төмендеді.
Анықтама:
Еуразиялық банк — барлық сегменттің клиенттеріне өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк. 1994 жылы іргесі қаланған Банктің Қазақстанның барлық өңірлерінде бөлімшелері бар. Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі және Новосибирск пен Омбыда филиалдары бар. S&P соңғы рейтингі: «тұрақты» болжамымен В+. KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.
Банктің табысты қызметі халықаралық басылымдардың келесі аталған номинацияларындағы наградаларымен марапатталған: «Қазақстанның үздік банкі» – IAIR, 2014 ж., «Қазақстанның үздік банкі» – EMEA Finance, 2013 ж., 2014 ж.,  «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» – Asian Banking & Finance, 2012, 2013 және 2015 ж., «Қазақстанның үздік банкі» – Euromoney, 2012 ж. және «Қазақстандағы жыл банкі» – The Banker, 2012 және 2014 жж.
Еуразиялық банктің Баспасөз қызметі:
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 3288)

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.