logo
Қз

Еуразиялық банктің ХҚЕС бойынша таза пайдасы 2013 жылдың 9 айы үшін өткен жылдың сондай кезеңімен салыстырғанда 30%-ға артты

Еуразиялық банктің ХҚЕС бойынша таза пайдасы 2013 жылдың 9 айы үшін өткен жылдың сондай кезеңімен салыстырғанда 30%-ға артты.

26.11.2013, Алматы. – Еуразиялық банк 2013 жылдың 9 айында 8.7 миллиард теңге таза пайдаға қол жеткізді (2012 жылдың сондай кезеңіндегі 6.7 миллиард теңгемен салыстырғанда). Бұл ХҚЕС сәйкес жасалған шоғырландырылған қаржылық есептің деректері. Басты көрсеткіштер бойынша табысты өсім жалғасуда: ағымдағы жылдың үш тоқсанында банк активтері 18.6%-ға – 558.2миллиард теңгеге дейін артты, несиелік портфель 20.7%-ға – 428.1 миллиард теңгеге дейін ұлғайды.
Сонымен бірге Банк меншік капиталын 14.0%-ға –54.5миллиард теңгеге дейін ұлғайтты.
Еуразиялық банк халыққа беретін қарыздар бойынша айтарлықтай өсімге қол жеткізді: 2013 жылдың 9 айында ол 73.5 миллиард теңгеден асты. 2013 жылғы қаңтардан қыркүйекке дейін жеке тұлғалардың депозиттер портфелі 1.3 есе ұлғайып, 127.9 миллиард теңгені құрады (2012 жылғы 31 желтоқсанда – 99.0 миллиард).
«Өсім серпіні жетекшілік ұстанымды сақтауға және нығайтуға бағытталған даму стратегиясына сәйкес келеді. Біз сенімді түрде алға жылжудамыз, ол клиенттік база мен Банктің негізгі көрсеткіштерінің нақты өсімімен расталады»,- деп атап өтті Басқарма төрағасы Майкл Эгглтон.
2013 жылғы үшінші тоқсанның аяғында Еуразиялық банктің Қазақстандағы клиенттер базасы 814 мыңнан асты.
SMARTBANK интернет-банкинг функционалының ұдайы кеңеюі есебінен Еуразиялық банктің клиенттері депозиттерді, кредиттерді өтеуді, ақша аудару және айырбастауды қоса, өз қаражатын қашықтықтан басқару мүмкіндігіне ие болды. Жүйедегі банкомат арқылы жүргізуге болатын тіркеу оңтайландырылды. Банк жақын арада жедел банкингті іске қосуды жоспарлауда.
Анықтама:
«Еуразиялық банк» АҚ барлық сегменттің клиенттері үшін өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк. 1994 жылы іргесі қаланған Банктің бүгінде Қазақстанның барлық өңірлерінде 20 филиалы мен 121 бөлімшесі жұмыс істейді. Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі бар. S&P соңғы рейтингі: «оң» болжамымен В+. KZRating: халықаралық шкала бойынша ВВ+, ұлттық шкала бойынша А+, болжам «тұрақты». KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.
Банктің табысты қызметі 2012 ж. және 2013 ж. қорытындылары бойынша «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» (Asian Banking & Finance), 2012 ж. «Қазақстанның үздік банкі» (Euromoney) және «Қазақстандағы жыл банкі» (The Banker) номинацияларындағы марапаттармен расталған.
«Еуразиялық банк» АҚ Баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 4802)

 

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.