logo
Қз

Еуразиялық банктің ХҚЕС бойынша таза пайдасы I жартыжылдықтың соңына 80,5%-ға өсті

16.08.2013, Алматы. — «Еуразиялық банк» АҚ 2013 жылғы I жартыжылдықтағы қызметінің қорытындыларын ұсынды. ХҚЕС сәйкес әзірленген аудиттелмеген шоғырландырылған аралық қысқартылған қаржылық есептілікке сәйкес Банк басты қаржылық көрсеткіштердің оң серпінділігін көрсетуді жалғастыруда: айтарлықтай пайда, активтер мен клиенттік базаның өсімі жағдайында тәуекелдер деңгейі төмендеуде.

Банк ұсынған қаржылық есептілікке сәйкес 2013 жылдың I жартыжылдығында Банктің басты қаржылық көрсеткіштері өткен жылдың соған ұқсас есепті кезеңімен салыстырғанда мына түрде өзгерді:

Банктің таза пайдасы 6,3 млрд. теңгені құрады, ол 2012 жылдың бірінші жартысында алған пайдадан 80,5%-ға асады. Таза пайданың өсуі банктік операциялар кірісінің артуымен, шығындарды үздіксіз оңтайландырумен, сондай-ақ клиенттік базаның тұрақты өсуімен байланысты. Аталған кезеңдегі таза пайыздық кіріс 56,2%-ға, яғни 17,3 млрд. теңге деңгейіне дейін жоғарылады.

Операциялық шығыстардың кірістерге арақатынасы (CIR) 2012 жылғы 1 шілдедегі соған ұқсас көрсеткішпен салыстырғанда 12.7%-ға қысқарып, 50,5%-ды құрады. CIR тиімділіктің ең маңызды көрсеткіштерінің бірі болып саналады, оның қысқаруы Банктің шығындарын оңтайландыру бағдарламасының табыстылығын білдіреді.

Таза пайыздық маржа (NIM) өткен жылдың соған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,2 есеге артып, 2013 жылғы 1 шілдеге 8,1%-ды құрады. Таза пайыздық маржаның өсуі несиелік портфельді одан әрі түрлендірумен байланысты.

Провизияларды қалыптастырғанға дейінгі операциялық кіріс 50,4%-ға артып, 23,9 млрд. теңгені құрады.

Банк кредиттік портфельдің сапасы мен тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіруге аса назар аударуды жалғастыруда. Еуразиялық банк қазақстандық ЕДБ арасындағы жұмыс істемейтін қарыздар көрсеткіші (NPL) арасында әдетте ең төменгі көрсеткіштерге ие. 2013 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша төлем мерзімі 90 күннен аса кешіктірілген жұмыс істемейтін қарыздар үлесі жиынтық кредит портфелінің 7,6%-ын құрады.

Ағымдағы жылдың басынан бері Банктің меншік капиталы 8,7%-ға, 51,9 млрд. теңгеге өсті, Еуразиялық банктің активтері 14,2%-ға, 537,4 млрд. теңге деңгейіне дейін артты, кредит портфелі провизиялар шегерімімен 16%-ға өсіп, 411,3 млрд.теңгені құрады. Банктің кредит беру және пайда алу бойынша көз жеткізіп отырған оң серпінділігінде Банктің нақты тұғырнамасын дамыту жоспарын жүзеге асыру маңызды мәнге ие, оның аясында орташа алғанда аптасына бір бөлімшеден ашылуда. 2013 жылдың I жартыжылдығының нәтижелерін қорытындылай келе, «Еуразиялық банк» АҚ Басқарма төрағасы Майкл Эгглтон былай деді: «Теңгерімді даму мен тұрақты өсім Еуразиялық банк үшін негізгі басымдылық бола береді. Тәуекелдерді оңтайландыру жағдайында клиенттік базаны кеңейтуге басты назар аудару  Еуразиялық банктің нарықтағы үлесінің бақыланатын өсіміне сенім білдіруге мүмкіндік береді.

2013 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Банктің бірегей белсенді клиенттерінің қоры 752 мыңнан асты.

 

Анықтама:

«Еуразиялық банк» АҚ — барлық сегменттің клиенттері үшін өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк. 1994 жылы іргесі қаланған Банктің бүгінде Қазақстанның барлық өңірлерінде 20 филиалы мен 121 бөлімшесі жұмыс істейді. Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі бар. S&P соңғы рейтингі: «Оң» болжамымен В+. KZRating: халықаралық шкала бойынша ВВ+, ұлттық шкала бойынша А+, болжам «тұрақты». KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.

Банктің табысты қызметі 2012 ж. және 2013 ж. қорытындылары бойынша Қазақстанның үздік бөлшек банкі (Asian Banking & Finance), 2012 ж. «Қазақстанның үздік банкі» (Euromoney) және «Қазақстандағы жыл банкі» (The Banker) номинацияларындағы марапаттармен расталған.


«Еуразиялық банк» АҚ Баспасөз қызметі 

тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 4802)
press@eubank.kz
www.eubank.kz

 

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.