logo
Қз

Қазақстанда тұңғыш мәрте қоғамдық көлікте жолақысын төлеуге мүмкіндік беретін ко-брендтік банк картасы пайда болды

2018 жылдың 18 қазаны, Астана. – «Еуразиялық банк» АҚ (ары қарай – банк), «Астана LRT» ЖШС және Mastercard халықаралық төлем жүйесі жаңа бірлескен өнімін – ко-брендтік банк картасын шығарғандығы жөнінде хабарлайды. Жаңа картамен қызметтерді төлеп, зат сатып алып қана қоймай, сонымен бірге, Астанадағы қоғамдық көлікте валидаторға картаны тигізіп жолақыны төлеуге болады. Бұл – Қазақстан нарығындағы тұңғыш осындай өнім. Қалалық маршруттарда жолақыны қолма-қол ақшасыз төлеу 90 теңге тұрады, яғни қолма-қол төлегенге қарағанда бұл екі есеге арзанырақ. Ал Астана қаласында жедел маршруттарда жүрген кезде 180 теңге тұрады (қолма-қол төлеген кезде – 250 теңге).

Еуразиялық банк, Астана LRT және Mastercard ко-брендтік картасында екі шот болады: қарапайым банк әмияны және көлік әмияны, оны Еуразиялық банктың Smartbank мобильдік қосымшасы, арнайы кассалар месе Astana LRT RTVM-терминалдары  (олардың мекенжайын мына сайттан қараңыз: http://www.alrt.kz/terminals), сондай-ақ, Qiwi-терминалдар және басқа да тәсілдер арқылы толтыруға болады.

«Еуразиялық банк ең соңғы технологиялық шешімдерді кеңінен іске қосып келеді. Мәселен, мамыр айынан бастап біздің клиенттер, Android иелері, NFC технологиясы қондырылған мобильдік телефонындағы Eurasian Pay әмияны арқылы қызметтерді төлеп, заттарды сатып алуға мүмкіндік алды. Енді біздің карта бизнесіміздегі кезекті ұсынысымыз ретінде Астанадағы жолақысын төлеуге мүмкіндік беретін төлем картасын таныстырып отырмыз. Бұл карта бірден басқа бірнеше карта өнімдерінің орнына жүреді. Mastercard ұсынған біздің «голд» картамыз – өз сегментіндегі нарықтағы ең жақсы ұсыныстардың бірі. Карта тегін шығарылады, оған тек бір 1 жыл ғана емес, сонымен бірге, келесі жылдары да тегін қызмет көрсетіледі. Еуразиялық банктың банкоматтарында қолма-қол ақшаны тегін түсіріп, бүкіл әлемдегі банкоматтарда 300 мың теңгеге дейін ақшаны комиссиясыз шығарып алуға болады. Осы карта арқылы жүргізілген әрбір транзакция үшін 4%-ға дейінгі мөлшерде бонустар есептейміз», – деп атап өтті «Еуразиялық банк» АҚ басқарма төрағасы Павел Логинов.

Жолақыны төлеу үшін банк картасын қолдану жолаушылар үшін аса тартымды әрі тиімді мүмкіндік болып табылады: енді тиын іздеп, жүргізуші немесе кондукторда қайтаратын ақша болмай қалған кезде қиналудың қажеті жоқ. Бұған қоса көлік жүргізуші де жолаушылармен есептесу үшін уақытын жұмсамайды, демек қозғалыс қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі деген сөз.

«Mastercard өз серіктестерімен бірлесе отырып, Қазақстан қалаларында ыңғайлы төлем тәсілдері пайда болуы үшін кеңінен қызмет жасап келеді. Жаңа ко-брендтік карта – заманауи банк карталарында сан алуан мүмкіндіктердің пайда болғандығының жарқын мысалы. Қалалық инфрақұрылымды дамыту үшін инновациялық төлем технологияларын ендіру – «Ақылды қалаларды» құру жолындағы маңызды қадам деп есептейміз. Астананың осы бағытта бірізділікпен қадам жасап, дамып келе жатқандығы қуантады. Банк картасымен оңай, жылдам әрі қауіпсіз түрде төлеу мүмкіндігі елорда тұрғындарының көңілінен шығады деп үміттенеміз», – деді Қазақстандағы Mastercard өкілдігінің басшысы Геният Исин.

Еуразиялық банк ұсынған Astana LRT ко-брендтік картасының басты артықшылығы – төлем және көлік картасының біріктірілуінде, түйіспесіз төлем жасау мүмкіндігінде. Сонымен қатар, осы картада премиалды сыйлықақы деңгейі, банк картасындағы қалдық үшін сыйақы есептеу (жылдық 10%-ға тең), зат сатып алған кезде бонус беру, төлемдерді жасау қауіпсіздігі сынды банктың басқа карталарында бар артықшылықтар сақталады. Еуразиялық банк ұсынған Mastercard Gold PayPass бүкіл артықшылықтары жайлы келесі сілтеме арқылы танысуыңызға болады: https://www.eubank.kz/pages/debetnaya_karta/.

Сондай-ақ, Mastercard өзінің серіктестерімен бірге жылдам қызмет көрсететін мейрамханалар, кофеханалар, кинотеатрлар, киім-кешек және техника дүкендерінен бастап, «Шымбұлақ» тау-шаңғы шипажайына дейінгі бүкіл тартымды ұсыныстар мен акцияларды карта иелеріне ұсынып отыр.

«Еуразиялық банк» туралы

Банк – 24 жылдық даму тарихы бар Қазақстандағы әлеуметтік маңызға коммерциялық банктердің бірі. Қаржылық институт бөлшек сауда банкингі нарығында көш бастап тұр. Корпоративтік клиенттер мен ШОБ клиенттеріне қызметтердің кең түрлерін ұсынады.

«Еуразиялық банк» PR-қызметі:

+7(727) 2599 599 іш.3453

press@eubank.kz

www.eubank.kz

«Астана LRT» компаниясы туралы

«Астана LRT» қаланың көлік стратегиясын қалыптастырып, интеллектуалды көлік жүйесі (ITS), қоғамдық көлікті диспетчерлеу жүйесі, жол қозғалысының қатысушыларын ақпараттандыру жүйесі, қоғамдық көліктің маршруттық желісін жаңғырту, жолақыны төлеуге арналған электрондық жүйе сынды қолданыстағы және әлеуетті жобаларды жүзеге асыра отырып, жаңа стандарттарды белгілейді. Сонымен қатар, «Астана LRT» ЖШС-да көлік зерттеулері, қаланың көше-жол желісі мен жолаушылар ағынын талдау, Астана қаласы көлік мамандарының біліктілігін көтеру сынды жұмыстар жүргізіледі.

БАҚ-қа арналған байланыс:

Қоғаммен байланыс жөніндегі қызмет

8 7172 577-177 (іш.180)

a.jarkimbekova@astanalrt.com

Mastercard

MasterCard (NYSE: MA) https://www.mastercard.kz/ru-kz.html – жаһандық төлем индустриясында қызмет жасайтын технологиялық компания. MasterCard 210-нан аса ел мен аумақта тұтынушыларды, қаржылық институттар мен сауда ұйымдарын, үкіметтік және іскерлік құрылымдарды байланыстырып, төлемдерді өңдеудің әлемдегі ең жылдам желісін басқарып отыр. MasterCard өнімдері мен шешімдері зат сатып алу, саяхаттау, бизнес жүргізу және қаржыны басқару секілді күнделікті міндеттерді оңай, қауіпсіз әрі барынша тиімді түрде шешуге мүмкіндік береді. Біздің жаңалықтарымызды Twitter-де @Mastercard_RU және Mastercard Facebook парақшамызда қадағалап отырыңыз,  Cashless Pioneersблогындағы талқылауға атсалысып,  Engagement Bureau жаңалықтарына жазылыңыз.

Ресейдегі Mastercard  баспасөз қызметі

Елена Пророкова

Тел: +7 (495) 937-77-10

elena.prorokova@Mastercard.com

Қазақстандағы Mastercard   баспасөз кеңсесі

Тел: +7 (727) 264 67 37

mastercard@pressclub.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.