Жыл сайын алаяқтар барған сайын алдаудың күрделі тәсілдерін ойлап табуда және бүгінгі таңда ата-аналардың алдында тұрған ең қауіпті құбылыстардың бірі — жасөспірімдерді алаяқтық мақсатта пайдалану. Осындай схемалардың бірі жасөспірімдердің өз WhatsApp аккаунттарын ақшаға жалға беру болып табылады. Осылайша алаяқтар оларды спам жолдау немесе бопсалау сияқты қылмыстарға пайдалану үшін аккаунттарды толық бақылауға алады.
Бұл қалай жұмыс істейді?
Алаяқтар жасөспірімдерге тез әрі оңай ақша табу жолдарын ұсынып, өз аккаунттарын жалға беруді ұсынады. Ол үшін жасөспірімдер өздерінің аккаунттарына, кейде SIM карталарының қолжетімділігін береді, содан кейін алаяқтар жәбірленушінің сенімін теріс пайдалана бастайды. Әрі кетсе жасөспірім табыссыз қалады, ал ең нашар жағдайда ол қылмыстық схеманың бір бөлігіне айналады, бұл сот тергеулерін әкелуі мүмкін.
Қаскүнемдердің балаларды белсенді қолданатын алаяқтықтың тағы бір өзекті түрі — қылмыскерлердің өздерін пошта қызметкерлері ретінде таныстырып, балаларға қоңырау шалу жағдайлары. Олар баланың атына сәлемдеме келіп түсті деп мәлімдеп, телефонға келген SMS-кодты сұрайды. Кодты алғаннан кейін алаяқтар “Мемлекеттік қызметтердің” атынан қайта қоңырау шалып, баланың атына тыйым салынған ұйымдардың пайдасына аударылған микрокредиттер ресімделді деп мәлімдейді. Абыржыған балалар курьерге «тергеуге қажетті” ақша немесе құндылықтарды бере отырып, пәтерге “қашықтықтан тінту” жүргізуді сұрайтын алаяқтардың талаптарына келісе бастайды. Бұл алаяқтық түрі балаларға манипуляция мен психологиялық қысымды қолдану арқылы қылмыстық әрекеттерді жасауға мәжбүрлейді.
Еуразиялық банк цифрлық әлемдегі қауіпсіздік —әркімнің жауапкершілігі екенін еске салады. Жақындарыңызды алаяқтардан қорғау үшін келесілер маңызды:
- Балаларға SMS кодтарды, құпия сөздерді немесе жеке ақпаратты бөгде адамдарға, тіпті олар өздерін мемлекеттік органдардың қызметкерлері етіп таныстырса да, хабарлауға болмайтынын түсіндіру.
- Қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін балаларыңыздың барлық аккаунттары мен сервистерінде екі факторлы сәйкестендірмені орнату.
- Аккаунттардағы белсенділікті бақылау және балаға интернеттегі қауіпсіз мінез-құлықты үйрету.
- “Жеңіл табыс табудан” абай болыңыз. Өз аккаунттарын ешқашан жалға беруге болмайтынын ескерту. Бұл деректердің ұрлануы мен қаржылық шығындарға әкелуі мүмкін.
- Егер аккаунт жалға беріліп қойған болса, оған кіруді дереу шектеңіз. Баптауларға өтіп, барлық онымен байланысты құрылғылардан шығыңыз. Сондай-ақ, қосымшаны қайта орнатып, екі факторлы сәйкестендіруді қосқан жөн.
- Алаяқтармен ортада болған барлық хат-хабарларды сақтаңыз және мүмкін болса, скриншоттарын жасап алыңыз. Бұл аккаунтты сіздің пайдаланбағаныңызды дәлелдеуге көмектеседі.
Жеке деректерді сауатты түрде қорғау және интернеттегі қауіпсіздікке назар аудару арқылы алаяқтықтың алдын алуға және қаржыны қорғап қалуға көмектеседі. Қазіргі дамыған заманда желідегі кез келген әрекет қайғылы салдарға әкелуі мүмкін екенін есте ұстаған жөн, тек мұқияттылық пен хабардарлық қиындықтардан аулақ болуға көмектеседі.