logo
Қз

Абайлаңыз: мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі жаңа алаяқтық схемалары

Алаяқтар бір орында тұрмайды: олардың схемалары барған сайын күрделене түсуде және көбінесе алдау үшін сенімді, жасанды интеллект, заманауи технологиялар мен психологиялық әдістерді қолданады.

 

1. Жаңа тұзақ – “Курьер” шалатын бейне қоңыраулар

 

Алаяқтар өздерін курьер ретінде таныстыра отырып, WhatsApp немесе Telegram-да бейне қоңырау шалады. Қоңырау кезінде қаскүнем экран жазбасын жасап, одан дыбыссыз шеңбер жасайды. Содан кейін алаяқ Telegram-да аккаунт ашып, одан жәбірленушінің контактілеріне хабарлама жібереді, ал оның нақты адам екенін растау үшін жазып алынған шеңберді жібереді.
Жәбірленуші контактілері фишингтік сілтемелер арқылы немесе ашық көздерден, тарап кеткен қара нарықта сатылатын мәлімет деректері секілді көптеген дереккөздерден алынуы мүмкін.

 

2. Шабуылға арналған жаңа алаң-тұрғындардың чаттары

 

Фишингтік сілтемелер көршілермен чаттарда жиһазды немесе тұрмыстық техниканы тегін алып кету туралы хабарландыру түрінде таратылады. Мұндай сілтемелерге өту салдарынан банктік қосымшаларға қол жеткізу мүмкіндігін беретін зиянды бағдарламаның орнатылуына әкелуі мүмкін.

 

3. Ақша қайтаратын «Заңгерлер»

 

Facebook-те қаржы алаяқтарынан зардап шеккен барлық қазақстандықтарға көмектесуге уәде беретін жарнамалық хабарландыру белсенді түрде  насихатталуда. Қаскүнемдер танымал адамдардың фотосуреттерін және телебағдарламалардың үзінділерін сенімге кіру үшін  пайдаланады. Ал іс жүзінде бұл әрекет алданған пайдаланушылардан одан да көп ақша алу болып табылады.

 

4. Қысымның жаңа тәсілі -үй жануарларын алып қою қаупі

 

Алаяқтар пәтер иесіне “тұрғын үй инспекциясының” қызметкерлері ретінде қоңырау шалады. Әдеттегі сауалнама жүргізгендей болып, пәтерде қанша үй жануарлары тұратынын біліп алады. Егер олардың айтуы бойынша үй жануарларының саны “рұқсат етілген нормадан асып кетсе”, олар  айыппұлдармен, көршілерінен түсетін шағымдармен және тіпті жануарларды алып қоятынын ескертіп қорқыта бастайды.

 

Жәбірленушіні өз ниеттерінің маңыздылығына сендіру үшін қаскүнемдер жалған нышандармен және “Мемлекеттік қызметтер” сайты секілді ресімделген жалған сайтқа үй жануарларын ұстаудың ресми “жаңа ережелерінің” сілтемесін жібереді. Алайда мұндай сілтемеге өтетін болса жеке деректер ұрлануы мүмкін.
Көбінесе ондай әңгіме рұқсатты ресімдеу немесе “мәселені қиындықсыз шешу” үшін ақшаны шұғыл аударуды талап етумен аяқталады.

 

Өзіңізді және жақындарыңызды қалай қорғауға болады?

 

– танысыңыздан келген болса да, бейтаныс адамдардың сілтемелеріне өтпеңіз.
– бейтаныс нөмірлердің  бейнеқоңырауларын алмаңыз;
– құпиялылық режимін қосып, тек контактілеріңіздің қоңырауларын алатындай шектеңіз;
– ұрланған қаражатты без қайтару жөнінде айтылған ұсыныстарға сенбеңіз;
– ақпаратты ресми көздер арқылы қайта тексеріңіз.

 

Кішкене күдік туындаған жағдайда — дереу полиция мен банкке хабарлаңыз.

 

Есіңізде болсын: сіздің зейініңіз — алаяқтықтан ең жақсы қорғаныс.
Бұл ақпаратты жақын адамдарыңызбен, әсіресе басқаларға қарағанда қауіп-қатер аймағындағы  егде жастағы туыстарыңызбен бөлісіңіз.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.