Қазақстанда интернет-алаяқтық жағдайлары жиілеп барады, ал алаяқтардың құрбандары тіпті ең сақ азаматтар болуы мүмкін. Жақында елордада болған оқиға белгісіз адамдардан хабарлама алған кезде қырағылық танытудың маңыздылығының айқын мысалы болды.
Астана тұрғыны “кәсіби” алаяқтарға сенім артып, 2,1 миллион теңгесінен айырылды. Алдаудың бүкіл процесі мұқият жоспарланып, “сим-картаны бұғаттау” және қаражатты “қауіпсіз шотқа” аудару классикалық схемасы бойынша орындалған.
Мұның бәрі әдеттегі SMS-хабарламадан басталған-ды, онда алаяқтар SIM картаның мерзімі бітті деп мәлімдеді. Ұзарту үшін олар ер адамнан телефонына келген құпия кодты хабарлауды сұрады. Шамасы, бұның стандартты рәсім екеніне илану мен сенімділік өз рөлін атқарған болуы керек — астаналық тұрғын ойланбастан қажетті сандарды айтады.
Бірақ оқиға мұнымен аяқталған жоқ. Біраз уақыттан кейін оған “банк қызметкері” қоңырау шалып, оның алаяқтардың құрбаны болғанын және оның ақшасына қауіп төніп тұрғанын хабарлады. Қаражатты сақтау үшін оларды “қауіпсіз шотқа” аудару керек. Болып жатқан оқиғалардан есеңгіреген ер адам сөздерге иланып, 2,1 миллион теңгені аударды.
Бұл орын алған жалғыз жағдай емес. Астана қаласының қылмыстық істер басқармасының мәліметтері бойынша өткен жылы интернет-алаяқтыққа қатысқаны үшін 160 адам жауапқа тартылған, бұл қала тұрғындарына 4,5 миллиард теңгеден астам шығын әкелді.
Алаяқтардың тұзағына түспеу үшін не білу керек? Бірнеше қарапайым, бірақ тиімді қауіпсіздік ережелері:
- Бейтаныс адамдардан шалынған қоңыраулар мен келген SMS-ге сенбеңіз — алаяқтар сіздің деректеріңізді алу үшін кез-келген схеманы қолдана алады.
- Ешқашан жеке ақпаратты телефон арқылы бермеңіз — банктер де, мемлекеттік органдар да ақша аударуды сұрамайды.
- Егер бірдеңе күдікті болып көрінсе — әңгімені бірден тоқтатып, телефонды қойыңыз.
- Қанша ресми болып көрінсе де күдікті хабарламалардағы немесе хаттардағы сілтемелерге өтпеңіз.
- Ақпаратты ресми арналар арқылы тексеріңіз. Егер сізге қоңырау шалып, сіздің қаражатыңызға қауіп төніп тұр деп айтылса, банкке қайта қоңырау шалыңыз.
Еуразиялық банктің клиенттері тәулік бойы келесі нөмірлер бойынша қоңырау шала алады:
+7 (771) 000-77-22 — Beeline;
+7 (700) 000-77-22 — Tele/Altel;
+7 (702) 010-77-22 — Kcell/activ.
Егер сіз алаяқтық әрекеттер фактісі бойынша немесе басқа себептер бойынша шағым қалдырғыңыз келсе, мына сілтеме бойынша нысанды толтырыңыз: https://eubank.kz/feedback/