logo
Қз

Жеке тұлғалардың депозиттерін кепілдендіру туралы ақпарат

Кепілдік өтемақы мөлшерін есептеу тәртібі туралы сұрақтар мен жауаптар

Жауап: Жаңа өзгерістер тек теңгедегі жинақ салымдарына ғана қатысты болды. Бұл 2018 жылдың қазан айынан бастап халыққа қолжетімді болған депозиттің ерекше, жаңа түрі. Жинақ салымдары белгілі бір мерзімге ашылады және ерекше шарттары бар: салымшының депозитті мерзімінен бұрын алып қою ниеті болған жағдайда ол өзінің ниеті туралы Банкті 30 күнтізбелік күн бұрын хабардар етуге тиіс, бұл ретте сыйақы талап етілгенге дейінгі салым бойынша белгіленген мөлшерде (0,1% – дан аспайтын) төленеді. Жинақ салымы депозиттердің басқа түрлерінің ішіндегі ең табыстысы болып табылатынын атап өтеміз.

Жауап: ҚДКҚ-ның 20 млн теңге мөлшеріндегі кепілдігі 2022 жылғы 11 қаңтарға дейін де, одан кейін де депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктерде ашылып, қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған теңгедегі барлық жинақ салымдарына қолданылады.

Жауап: Максималды кепілдік мөлшері депозиттің түрі мен валютасына байланысты болады.  Депозиттердің басқа түрлері бойынша кепілдікті өтемнің шекті мөлшері өзгеріссіз қалды:

  • 10 миллион  теңге – карточкалық және ағымдағы шоттармен қоса, жинақ ақшадан басқа ұлттық валютадағы өзге де депозиттер бойынша;
  • 5 миллион теңге – шетел валютасындағы депозиттер бойынша.

Жауап: Кепілдікті өтемнің жиынтық сомасы салымшының бір банкте ашылған бірнеше депозит түрі бойынша төленіп, әрбір депозит түрі бойынша жеке белгіленген ең жоғары шекті кепілдікті өтем мөлшерін ескере отырып есептеледі.

 

1-ші мысал: Егер салымшының банкте  22 млн теңге жалпы сомадан тұратын теңгедегі екі жинақ салымы болса.

 

Жауап: Бұл жағдайда кепілдікті өтемнің жиынтық мөлшері 20 млн теңгені құрайды.

 

2-ші мысал: Егер салымшының банкте ашқан үш түрлі депозиті болса: 5 млн теңге сомасында теңгедегі жинақ салымы, 10 млн теңге сомасында теңгедегі мерзімсіз салымы және 5 млн теңгеге баламалы сомадағы шетел валютасындағы депозиті.

 

Жауап: Бұл жағдайда кепілдікті өтемнің жиынтық мөлшері 20 млн теңгені құрайды.

 

3-ші мысал: егер салымшының әдеттегі салымы бойынша (жинақ емес) 15 млн теңгесі болып және ол осы банкте ең төменгі сомада мысалы 1000 теңгеде жинақ депозитін ашатын болса, онда кепілдіктің жиынтық сомасы 20 млн теңгеге дейін өсе ме?

 

Жауап: Жоқ, қарастырылп отырған бұл жағдайда алатын сома мөлшері 10 001 000 теңгені құрайды, әдеттегі салым бойынша 5 млн теңге кепілдендірілмейді, өйткені ұлттық валютадағы жинақ депозитінен басқа депозиттер туралы заң белгілебасқа 10 млн теңге лимитінен артып кетеді.

 

4-ші мысал: Салымшының бір банкте үш депозиті бар: біріншісі әмбебап (теңгеде шұғыл емес), ол қажетіне қарай жиі толтырылып, алынып отырады.  Бұл шотта орташа 500 мың теңге бар.  Екіншісі-14 млн теңгеден тұратын жинақ салымы мен 13 мың доллар шетел валютасындағы салымы.  Сақтандыру жағдайы орын алған кезде кепілдікті өтемнің жиынтық сомасы қалай есептеледі?

 

Жауап: Кепілдікті өтемнің жиынтық сомасы әрбір депозит түрі бойынша жеке белгіленген ең жоғары кепілдікті өтемнің шекті мөлшері ескеріле отырып есептеледі:

  • 20 миллион теңге – ұлттық валютадағы жинақ салымдары (депозиттері) бойынша;
  • 10 миллион теңге – жинақ депозитінен басқа басқа ұлттық валютадағы депозиттер бойынша;
  • 5 миллион теңге – шетел валютасындағы депозиттер бойынша.

 

Кепілдендірілген депозиттер бойынша кепілдікті  өтем  Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында төленеді.  Шетел валютасындағы депозиттер бойынша кепілдікті өтемді есептеу үшін қатысушы-банктің барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы пайдаланылады.

 

Осы жағдайға қатысты салымшы 19 500 000 теңге көлемінде жиынтық кепілдікті өтем сомасын алады: теңгедегі жинақ салымы бойынша 14 млн теңге, теңгедегі мерзімсіз депозит бойынша 500 мың теңге, сондай-ақ шетел валютасындағы шоты бойынша 5 млн теңге (өйткені 13 мың АҚШ доллары бағам бойынша 5 млн теңгеден көп).

 

5-ші мысал: салымшының банкте екі түрлі жинақ емес депозиті болған жағдайда: 16 млн теңге сомасында мерзімсіз салымы мен 6 млн теңгеге баламалы сомадағы шетел валютасындағы депозиті.

 

Жауап: Бұл жағдайда жиынтық кепілдікті өтемақы мөлшері 15 млн теңгені құрайды: теңгедегі мерзімсіз салым бойынша – 10 млн теңге және шетел валютасындағы депозит бойынша-5 млн теңге. Кепілдікті өтемнің жиынтық сомасы әрбір депозит түрі бойынша жеке белгіленген кепілдікті өтемнің ең жоғары шекті мөлшерін ескере отырып есептелетіндіктен.

Жауап: 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап банк лицензиясынан айырылған күні есептелген депозит бойынша сыйақыға ҚДКҚ кепілдігі қолданылады. Жинақ салымын тура 20 млн теңгеге ашуды ұсынбаймыз, өйткені ол ашылған мерзімде сыйақы есептеледі және сақтандыру жағдайы орын алған кезде есептелген пайыздармен қоса салым сомасы 20 млн теңгеден асып кетеді.

Жауап: Жинақ салымдары бойынша жаңа кепілдік мөлшері жиынтық кепілдікті өтем мөлшері сияқты жаңа сақтандыру жағдайларына да қолданылады, яғни банк лицензиясыан 2022 жылғы 11 қаңтардан кейін айырылған жағдайда (заң қолданысқа енгізілген күні).

Жауап: Төлемдер жөнінде егжей-тегжейлі ақпарат ҚДКҚ-ның https://kdif.kz/likvidiruemye-banki/table/ сайтында қолжетімді.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.