Қазақстанда алдау әдістерінің сенімді және технологиялық түрлерін қолдана отырып, азаматтар мен бизнес сұраныстарына бейімделген алаяқтар белең ала бастады. Еуразиялық банк клиенттерді қырағы болуға шақырып, алаяқтық құрбаны болмау туралы ұсыныстармен бөліседі.
Жаңа схемалардың бірі- қызметтерді танымал онлайн платформалары арқылы ұсынатын жалған логистер мен тасымалдаушылар. Алдын ала төлемін алып алғаннан кейін олар жоғалып кетеді. Алматы полициясының мәліметінше, 2025 жылдың басынан бері мұндай жағдайдың он шақтысы тіркелген.
Қарқынды тарап келе жатқан тағы бір схема — автокредитпен байланысты алаяқтық.
Қаскүнемдер клиенттерге қоңырау шалып, өздерін банк қызметкерлері немесе қарыз ресімдейтін “көмекші” ретінде таныстырады. Олар: “Сізге тұтынушылық кредиттен бас тартылуы мүмкін, алайда тағы басқа жолы бар — сол сомаға автокредит ресімдеуге болады» деп алдын ала ескертеді. Адамды сендіру үшін алаяқтар банктің байланыс орталығына қоңырау шалып, автокөлік сатып алмай-ақ, кредит алуға болатындығын нақтылауға кеңес береді. “Кейбір жағдайларда мүмкін” сияқты жалпы жауап алғаннан кейін жәбірленуші қырағылығын жоғалтады.
Содан кейін клиентке жалған көлікке автокредит ресімдеуді ұсынады. Мұндай кредит шарттары бойынша алынған ақша клиентке емес, “сатушыға” тікелей, яғни алаяқтарға аударылады. Соның салдарынан алданған адамның автокөліксіз және ақшасыз қарызы пайда болады.
Өзіңді қорғау үшін Еуразиялық банктің ұсынатыны:
- Көрсетілген қызмет ақшасын ресми шартсыз ешқашан аудармаңыз.
- Контрагенттердің ЖСН/БСН деректері мен пікірлерді, заңды тұлға екенін тексеріңіз.
- SMS кодтары мен PIN-кодтарды қоңырау соғып тұрған адам банк қызметкеріміндесе де хабарламаңыз.
- Кредиттер мен басқа қаржы өнімдерін банктің ресми арналары-мобильді қосымша, сайт немесе бөлімше арқылы ғана ресімдеңіз.
- Шоттар бойынша хабарлама қызметін қосып, онлайн-операциялардың лимитін белгілеңіз.
- Күмәнді белсенділік байқалған жағдайда, бірден банктің байланыс орталығына немесе полицияға хабарлаңыз.
Қауіпсіздік хабардарлықтан басталады. Жақындарыңызға, әсіресе егде жастағы туыстарыңызға қауіп-қатер туралы айтыңыз. Адамдар неғұрлым көп ескертілсе, алаяқтардың мүмкіндігі соғұрлым аз болады.
Өзіңіз бен өз деректеріңізді сақтаңыз!