logo
Қз

Ғаламторда таза болудың 5 амалы

Бала кезімізден біз жеке гигиенаны сақтаудың алтын ережелерін білеміз. Ақпараттық жаһандану дәуірінде сандық гигиенаны да сақтау қажеттілігі туындады: құпия сөздерді үнемі өзгерту, бейтаныс сілтемелерді ашпау және гаджеттерді қажетсіз ақпараттан тазарту.

 

IT-мамандардың дәл осы терминді қолдана бастауы тегін емес, өйткені мұнда да бәрі қарапайым және бұрыннан белгілі ережелерден құралған:

 

1. Тазарту.

Өз құрылғыңыздағы вирустардың бар-жоғын әлсін-әлсін тексеріп, қажетсіз және ауыр файлдарды алып тастаңыз.

 

2. Қорғау.

Күрделі құпия сөздерді ойлап табыңыз. Олар 8-ден көбірек символдан тұруы тиіс, бұл ретте сандар мен екі регистрдегі әріптер де қамтылуы қажет.

 

3. Шектеу.

Өз телефоныңыздағы және компьютердегі қосымшалар мен бағдарламалардың жаңартуларын бақылаңыз. Құрылғының күйге келтіруінен қайсысы автоматты түрде, ал қайсысы сіздің қалауыңызбен жаңартылатындарын таңдауға болады. Smartbank ұялы қосымшасының жаңартуларын автоматты режимде қалдыруға кеңес береміз.

 

4. Пайда.

Смартфон — бұл тек байланыс құралы ғана емес, сонымен қатар мінез-құлығыңызды басқару құрылғысы. Әлеуметтік желілердегі жазылымдарыңызды талдап, енді қызығушылық тудырмайтындардан бас тартыңыз.  Телефоныңызға жиі алаңдамау үшін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерден келетін ескертулерді өшіріңіз.

 

5. Сауықтыру.

Өз құрылғыңыздың сақтық көшірмесін жиі жасап отырыңыз.  Бұл гаджеттер жоғалған немесе бүлінген жағдайда маңызды файлдарды сақтауға мүмкіндік береді.

 

Бұған қоса қауіпсіздік бойынша жадынамалармен танысыңыз.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.