logo
Қз

Сізді қарызға өмір сүруден арылтуға көмектесетін 5 кеңес

Кредит алуға болатын әлем мұндай мүмкіндік жоқ жерден әлдеқайда жақсы.  Алайда азаматтар кредитті рәсімдеп, өздерінің мүмкіндіктерін есептей алмай, қарызға кіреді.  Бұл процесс тұйық шеңберге айналады.  Қарызға өмір сүруді тоқтатуға және қаржылық істердің ағымдағы жағдайын түсінуге көмектесетін 5 кеңес береміз.

 

1. Өз қаржыларыңызды қатаң бақылауға алыңыз. Қарызыңыздың жалпы сомасын есептеңіз. Қағазға достарыңыз бен туыстарыңызға қанша ақша қарыз екеніңізді, кредитті төлеу үшін қанша сома бөлу керек екенін жазыңыз.  Осылайша, сіз өз қаржылық жағдайыңыздың толық көрінісін көре аласыз және қорытынды жасай аласыз.

 

2. Белгілі бір мерзім ішінде барлық қарыздарыңыздан құтылу мақсатын қойыңыз. Өз мүмкіндіктеріңізді ақылға салып бағалаңыз. Егер сіз бір мезгілде барлық кредиттеріңізді төлесеңіз және қарыздарыңызды қайтарсаңыз, түксіз қалып, қайтадан қарызға бату мүмкіндігі жоғары болады. Ең дұрысы берешегіңізді бірнеше ай қатарынан белсенді түрде беріп отыру.

 

3. Ыңғайлы уақытқа жоспар жасаңыз: ай, жыл, он жыл. Ірі сатып алуларды, жөндеу немесе шетелге сапарларды материалды түрде толық дайын болатын кезеңге жоспарлаңыз. Бұл жағдайда сіз қарызға кірмейсіз.

 

4. Өзіңіздің шынайы қажеттіліктеріңізді агрессивті таңылған жарнамадан ажыратуды үйреніңіз. Қомақты соманы жұмсау немесе кредитке затты ресімдеу алдында өзіңізге екі сұрақ қойыңыз: “Мен мынадан арзанырақ зат сатып алып, риза  бола аламын ба?”, “Мен кішкене күте тұрып, қажетті соманы жинаған кезде оны кейінірек сатып ала аламын ба?”.

 

5. Осы сәттен бастап тоқтаңыз. Сіздің соңғы алған қарызыңыз немесе кредитіңіз соңғы рет болсын. Форс-мажорлар мен төтенше жағдайларды жоққа шығармаймыз, алайда барлық берешекті жабу арқылы осындай жағдайларға дайын болатын “қаржылық көпшікті” қамтамасыз ететіндей сіз жинауды бастай аласыз.  Жинауды қалай бастау туралы біз алдыңғы жаңалықта кеңес бергенбіз.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.