Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті азаматтарды киберқауіпсіздік шаралары туралы хабардар етеді және алаяқтықтан қорғау жөніндегі жадынамамен танысуды ұсынады.
Жалпы қауіпсіздік ережелері:
- Ақпаратты тек ресми дереккөздерден ғана тексеріңіз.
- Телефон арқылы немесе интернетте айтылған өтініштерді орындауға асықпаңыз.
- Күрделі құпиясөздер мен екі факторлы аутентификацияны қолданыңыз.
- Қосымшалар мен операциялық жүйені тұрақты түрде жаңартып отырыңыз.
Егер алаяқтардың құрбаны болсаңыз:
- полицияға 102 нөмірі арқылы немесе https://qamqor.gov.kz/-сайтында «Полицияға өтініш беру» бөлімі арқылы дереу хабарласыңыз.
- Ақша шешу әрекеті байқалса, картаңызды банк арқылы немесе мобильді қосымша арқылы бұғаттаңыз.
- Көмек алу үшін бірыңғай 116 нөміріне хабарласыңыз.
Маңызды! Сіз банкке хабарлап немесе полицияға өтініш беріп, алаяқтардың шотын Антифрод-орталығы арқылы бұғаттай аласыз.
Қосымша ақпарат: Сұрақтарыңыз туындаған жағдайда немесе кеңес қажет болса, Қазақстан Ұлттық Банкінің Байланыс орталығына 1477 қысқа нөмірі арқылы хабарласуға болады.
1. «Қызметкер және ұйым» атынан қоңырау шалу
Алаяқтар банк, полиция, прокуратура, экономикалық тергеу, пошта, ұялы байланыс операторлары, коммуналдық қызмет және басқа органдардың қызметкерлері болып таныстырады. Олар «күдікті операциялар», «бұзылғаны», «есептегіштерді жаңарту», «нөмірді ұзарту», «сәлемдеме алу» туралы айтып, кодты айтуыңызды немесе ақша аударуыңызды сұрайды.
Кеңестер:
- Құпиясөздерді, PIN, CVV және SMS-кодтарды ешқашан айтпаңыз.
- Телефонды қоя салыңыз да, банкке өзіңіз қайта қоңырау шалыңыз.
- Барлық ақшаңызды бір картада сақтамаңыз.
- Ешқандай «Қауіпсіз шоттар» болмайды.
- Мессенджерлердегі суреттерге, формаларға, логотиптер мен «атақтарға» сенбеңіз.
- Ресми органдар азаматтарға WhatsApp арқылы қоңырау шалмайды және тергеу жүргізбейді.
2. «Туысыңыз шалған қоңырау» алдау болуы мүмкін
Алаяқтар таныс адамның даусын салып, емге, айыппұл, «құтқару» үшін «жедел» ақша аударуды сұрайды.
Кеңестер:
- Жақын адамыңыздың нақты нөміріне өзіңіз хабарласыңыз.
- Тек ол білетін сұрақ қойыңыз.
- Егде жастағы туыстарыңызды ескертіңіз, өйткені олар осындай схемалардың нағыз құрбанына айналады.
3. Фишингтік SMS және сілтемелері бар хабарламалар
Банктер, дүкендер мен басқа да ұйымдардан келетін ресми хабарлама болып көрінетін жасанды сайттардың сілтемесі бар немесе азаматтардың құпия ақпараттарын беру туралы өтінішпен жасанды хабарламалар келеді («1414», «Egov», «QazPost», «E-Salyk», Ұлттық Банк және т.б.).
Кеңестер:
- SMS, мессенджер, e-mail арқылы келген сілтемелерге өтпеңіз.
- Жеке мәліметтеріңіз бен карта деректерін бейтаныс сайттарға енгізбеңіз.
- Сенімді антивирус қолданыңыз.
4. Вирустық бағдарламалар
Алаяқтар зиянды қосымшалар мен баннерлер таратады: олар телефоныңызды бұғаттайды немесе деректеріңізді ұрлайды.
Кеңестер:
- Қосымшаларды тек ресми дүкендерден ғана жүктеңіз (Play Market, App Store).
- Пікірлер мен әзірлеушінің атын тексеріңіз.
- Күдікті сайттарға кірмеңіз және олардан файл жүктемеңіз.
- Телефоныңызды теңшеуге көмектессе де, бейтаныстардың өтініші бойынша ештеңе орнатпаңыз.
5. Жалған интернет-дүкендер
Қаскүнемдер (мысалы, Wildberries, temu және т.б.) танымал дүкендерді көшіріп, жалған сайттарды жасайды.
Кеңестер:
- Тек тексерілген беделді сайттарда ғана сауда жасаңыз.
- Сайт мекенжайын мұқият тексеріңіз, жасанды мекенжайдың бір әрпінде немесе таңбасында айырмашылық болуы мүмкін.
- Сатушы рейтингісі мен пікірлерді оқыңыз.
- Бейтаныс шоттарға немесе картаға алдын ала төлем жасамаңыз.
6. Оңай табыс табу уәделері
Алаяқтар жалған суреттерді, соның ішінде танымал адамдардың суреттерін қолдана отырып, Сізді “тәуекелсіз инвестиция”, “қазір салып, үлкен пайда табыңыз”, “бұл әділ мәміле, тек ақша аудару керек” деген сылтаумен инвестицияға ақша салуға сендіреді.
Кеңестер:
- Тәуекелсіз оңай кіріс туралы жарнамаға сенбеңіз. Бұл айла-шарғы.
- Сәл күдік туған сәтте сөйлесуді доғарыңыз.
- Компания туралы ақпаратты ресми дереккөздер мен пікірлері арқылы тексеріңіз.
- Ақшаны «комиссия үшін», «белсендіру үшін» жібермеңіз.
7. Жалған қайырымдылық ұйымдары
Алаяқтар төтенше жағдайлар, трагедиялар немесе біреудің қасіреті туралы хабарланған кезде «емделуге көмектесіңіз», «жанұя үйсіз қалды», «балаға операция қажет» деген жалған хабарламаларды таратады.
Кеңестер:
- SMS және мессенджерлерден келген сілтемелерге өтпеңіз және ақша аудармаңыз.
- Ұйымды тек ресми сайт немесе сенімді дереккөздер арқылы тексеріңіз.
- Аударымдарды тек белгілі қорлар арқылы ғана жасаңыз (“Красный полумесяц”, «Халық» және т.б.).
8. «Сіз жүлде ұттыңыз!»
«Сіз ұтыстың жеңімпазысыз!» деп хабарласып, «сыйлық алу үшін» комиссия, салық немесе жеткізу ақысын төлеуді сұрайды.
Кеңестер:
- Мұндай хабарламалардағы сілтемелерге өтпеңіз.
- Жеке деректеріңізді бейтаныс сайттарға енгізбеңіз.
- Қатысу, салық немесе жеткізу үшін ешқашан ақша төлемеңіз.
9. Жұмыспен қамтамасыз ету және бизнес ұсыныстары
Алаяқтар «жоғары жалақы», «қашықтан жұмыс» немесе «пайдалы серіктестікті» ұсынып, «тіркелу ақысын», «комиссия» немесе «оқу ақысын» сұрайды да, жоғалып кетеді.
Кеңестер:
- Спам-хабарламалар мен күмәнді хабарландырулардың сілтемелеріне өтпеңіз.
- Жұмысқа тұру, бос орындар базасы немесе «бизнеске кіру» үшін ақша аудармаңыз.
- Жұмыс беруші мен компания сайтын ашық дереккөздерінен тексеріңіз.
- Алаяқтық туралы қайда хабарлау керек? https://qamqor.gov.kz/ сайтының старт парағында «Полицияға өтініш беру» қосымшасы арқылы немесе полицияға 102 нөмірі бойынша хабарлау.
Жаңа алаяқтық схемалары туралы қосымша мәліметтерді ІІМ Киберқылмысқа қарсы күрес департаментінің
https://www.instagram.com/cybercrime.kz/ ресми парағынан білуге болады.