Бүгіннен бастап Еуразиялық банк шығарған Visa карталарын ұстаушылар жылдамдық пен ыңғайлылықты ұсына отырып, мобильді төлемдер саласын толығымен өзгертетін оңай, қауіпсіз және жеке төлем құралы – Apple Pay-ды пайдалануға мүмкіндік алды. IPhone, Apple Watch, iPad және Mac пайдаланушылары енді Apple Pay-дың арқасында дүкендерде де, қосымшаларда да немесе сайттарда да сатып ала алады.
Apple Pay-ды күйге келтіру өте оңай*, бұл ретте клиенттер жанасусыз төлемдер үшін Еуразиялық банктің 1% бонустарын алады.
Apple Pay сізге дүкен кассаларында, сондай-ақ iPhone және Apple Watch көмегімен қосымшалар мен сайттарда сатып алуды өте оңай жасауға мүмкіндік береді. Apple Pay арқылы қосымшаларда немесе Safari-де сатып алуларды төлеген кезде, енді байланыс деректері бар ауқымды құжаттарды қолмен толтырудың немесе жеткізу және шот-фактура ұсыну туралы деректерді қайта енгізудің қажеті жоқ. Apple Pay арқылы әрбір сатып алу Touch ID-ге саусағыңызды бір рет тигізу немесе Face ID арқылы операцияны растау үшін iPhone экранына қарау немесе құрылғыдағы код-құпия сөзді енгізу арқылы расталады.
Apple Pay туралы егжей-тегжейін apple.com/ru/apple-pay/-дан оқыңыз
* Картаны Apple Pay-ге қосу үшін Apple құрылғысынан Wallet қосымшасын ашып, «+» белгісін басу керек, төлем картасын қосу үшін картаны сканерден өткізу немесе оның нөмірін қолмен енгізу қажет. Бұдан кейін картаның деректері — CVV, қолданылу мерзімі және SMS -тен келген бір реттік құпия сөз енгізіледі. Осы сәттен бастап тауарлар мен қызметтер үшін пластикалық карталарсыз есеп айырысуға болады.