logo
Қз

ҚНРДА карантин кезіндегі алаяқтар туралы ескертеді : вишинг

Карантин кезінде банк клиенттерінің жеке деректерін білу үшін әлеуметтік инженерия технологияларын пайдаланатын телефон алаяқтары белсенділік танытуда.

 

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Fingramota.kz. сайтында алаяқтықтың осы түрі туралы толыққанды материал дайындады.

 

Вишинг азаматтардың шоттарынан қаражат ұрлаудың кең таралған тәсілдерінің бірі болып табылады.  Алаяқтар қарыз алушыларға белгілі банктердің қызметкерлері атынан, солардың нөмірлеріне ұқсайтын  “жалған” нөмірлерден қоңырау шалады.  Бұл банктің колл-орталығының қысқа нөмірі болуы мүмкін – заманауи технологиялармен бұған көп күш жұмсамастан қол жеткізуге болады.    Бұл ретте қаскүнемдердің өздері басқа қалада немесе тіпті басқа елде болуы мүмкін.

 

Қаржылық алаяқтар “құрбандардың” жеке деректерін алып алу мақсатында осындай қулыққа барады.  Жеке деректер – ЖСН, төлем картасының немесе шоттың деректері, CVV/CVC коды, SMS-хабарламаның коды.  Содан кейін қаскүнемдер картадағы немесе шоттағы барлық қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыра алады.

 

1. Картаның PIN-кодын сыпайы түрде хабарлағаннан гөрі әдепсіздік танытып, әңгімені доғарған жөн.

 

Тіпті алаяқтардың ескі дәлелденген әдістері де әлі күнге дейін іске асуда. Ең қарапайым алаяқтық: банк қызметкері секілді қоңырау шалу.  Ол әбігерлі дауыспен әлдекімдердің сіздің картаңыз бойынша транзакция жүргізуге тырысып жатқанын хабарлайды.  Егер бұны жасағалы жатқан өзіңіз болмасаңыз, онда сіз қоңырау шалушыға өз картаңыз бойынша барлық ақпаратты шұғыл түрде беру қажеттігін айтады.  Бұл жағдайда сөйлесуді бірден тоқтатып, тұтқаны қою керек.

 

Банк қызметкерінің бұндай деректерді ешқашан сұрамайтынын және бірінші қоңырау шалмайтынын естеріңізге саламыз.  Сізге қаржылық алаяқтардың қоңырау шалғанына көз жеткізу үшін сізге қызмет көрсететін банкке хабарласу қажет.  Бірақ ешқандай жағдайда қоңырау шалған нөмірге хабарласуға болмайды.

 

2. Бірінші қоңырау шалушыға өз мәліметтеріңізді беруге асықпаңыз, банкке сіздің деректеріңіз белгілі.

 

Нағыз банк менеджеріне сіздің тегіңізді; төлқұжат деректерін; қандай карталар рәсімделгенін; оларда қанша ақша қалғанын нақтылау үшін сізге қоңырау шалудың қажеті жоқ.  Банкте сіздің толық қаржылық досье – кредиттік тарихыңыз бар.  Сондықтан банк қызметкерлері осы мәселелермен еш уақытта сізге хабарласпайды.  Бұл ақпараттар тек алаяқтар үшін құнды болып табылады.

 

Есіңізде болсын, банктер ешқашан клиенттерден  карточканың толық нөмірін; оның әрекет ету мерзімі; CVC/CVV; интернет-банкингке логин мен құпия сөзді; кодтық сөзді, SMS-хабарламамен келетін кодты телефон арқылы сұрау үшін өздері хабарласпайды.  Бұл мәліметтерді банк қандай да бір мәселені шешу үшін өзіңіз қоңырау шалған жағдайда ғана сұрай алады.  Мысалы, шетелге барған кезде картаны оқшаулаудан алу, қайта шығарылған картаны қай жерден алуға болатынын және т. б. анықтау.  Егер сізге қоңырау шалып, банк қызметкері ретінде таныстыра отырып, мұндай ақпаратты сұрай бастаса, тіпті оны автоматты түрде жауап берушіге  айту қажет болса да, күмәніңіз болмасын – бұл алаяқтар.

 

3. Егер сізді телефон алаяқтары қорқытуға әрекет етсе, үрейге бой алдырмаңыз.

 

Сіздің картаңызбен қауіпті мәселе туындады деген үрейлі мәлімдемеге “Қазір оны жеке тексеру үшін банкке қоңырау шаламын немесе барамын” деген ең жақсы жауап болып табылады.  Қоңырау шалушы әңгімесін аяқтамай, қоңырауын бірден өшіретініне сенімдіміз. Карточка иесін қорқыту – өте кең таралған айла.  Әртүрлі жағдайларды ойлап табулары мүмкін:

 

“Біреу Сіздің карточкаңыз бойынша күдікті транзакцияларды жүргізіп жатыр»;

 

“Тездетіңіз! Сіздің шотыңыздан/карточкаңыздан белгілі бір сома есептен шығарылып қойды, қалдығын сақтау үшін ақшаны уақытша шотқа аудару керек»;

 

“Бес минут бұрын кредит ресімдеуге өтініш берген сіз бе? Егер сіз болмасаңыз, оны болдырмау үшін сіздің деректеріңіз қажет»;

 

“Сіздің картаңыз оқшауланған, оны оқшаулаудан шығару үшін телефоныңызға код көрсетілген SMS келеді, соны айтыңызшы” және т.б.  Алаяқтардың басты мақсаты – сізді қорқыту.

 

Егер сіздің картаңызбен қандай да бір мәселелер туындаса, онда банк оны өзі оқшаулай алады және бұл туралы хабарламаны шартта келісілген арна бойынша жолдайды.  Және ең дұрысы, банк бөлімшесіне өзіңіз қоңырау шалып, шынымен де хабарлама жіберген-жібермегенін анықтау керек.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.