logo
Қз

Банк карталарының иелеріне арналған маңызды ақпарат

Еуразиялық банк клиенттерге банк карталарын, шот деректемелерін және басқа да деректерді, соның ішінде төлем деректерін үшінші тұлғаларға беру кезінде сақтық шараларын сақтау қажеттігін ескертеді.

 

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде аударымдар мен төлемдерді үшінші тұлғалардың мүддесі үшін сыйақыға немесе оны алу мақсатында жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны жайлы еске саламыз.

 

Қауіпсіздік жөніндегі ұсынымдар:

∙ Карта мен оның деректемелерін бөгде адамдарға бермеңіз.
∙ Карта мен оның деректерін пайдалануға беру арқылы “пайда табу” ұсыныстарымен келіспеңіз.
∙ Ақшаны бейтаныс адамдардың өтініші бойынша үшінші тұлға шоттарына, тіпті сыйақы үшін де аудармаңыз
∙ Сәл күмәніңіз болса да,  банкке немесе құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.

 

ҚР ҚК 232-1-бабында көзделген жауапкершілік:
∙ Өзінің банктік шотына заңсыз қолжетімділік бергені үшін — 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
∙ Аударымдар мен төлемдерді үшінші тұлғалардың мүддесіне жасағаны үшін — 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
∙ Алаяқтық схемаларға делдалдықты ұйымдастырғаны үшін (дроповод – ақша айналдырушы) — 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

 

Анықтама:
∙ Дроппер – көбінесе алаяқтық жолмен алынған қаражатты аудару және алу үшін өз шотын немесе картасын сыйақыға беретін адам.
∙ Дроповод (ақша айналдырушы)  – «оңай табыс» туралы хабарландырулар арқылы дропперлерді жалдайтын ұйымдастырушы.

 

Осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Еуразиялық банк дропперлер схемалары мен банк карталарын үшінші тұлғаларға беру сияқты алаяқтықтың түрлеріне арналған бейнероликтер сериясын шығарды.

 

Сіздің картаңыз – сіздің жауапкершілігіңіз.

Ақшаңызға мұқият болыңыз және күмәнді ұсыныстардан бас тартыңыз.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.