Құрметті клиенттер,
2013 жылғы 16 тамыздан бастап Банктің барлық ақпараттық-төлем терминалдарында Банкте ашылған карточкалық, жинақ және ағымдағы шоттарды толықтыру бойынша жаңа қызмет ұсынылғаны туралы хабарлауға қуаныштымыз.
Сонымен қатар Банктің кредиттерін өтеу үшін төлемдер қабылдау қызметі кеңейтілді:
– кредит бойынша соңғы төлемді өтеген кезде қалдық ақшаны Сіздің таңдауыңыз бойынша: ұялы телефон нөміріне (Active, K-Cell, Beeline, Tele2, Pathword, City, Dalacom, DOS) немесе Сіздің Банктегі қолданыстағы шоттарыңыздың кез келгеніне аудару;
– мерзімі кешіктірілген берешек пен есептелген тұрақсыздық айыптары бойынша толық ақпаратты экранға шығару;
– кредит бойынша соңғы төлемді өтеу.
Банктің қызметтерін пайдаланғандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!