logo
Қз

Еуразиялық банктің карталарымен ғаламторда қауіпсіз сауда жасауға не көмектеседі?

Қазақстанда онлайн-шопингтің қарқыны жылдан жылға ұлғаюмен жақсы дамып келеді. Сонымен қатар, көптеген адамдарда өз қаражатын жоғалту қаупіне байланысты дүниежүзілік желіде сатып алулар жүргізуге  қорқыныш бар.

 

Еуразиялық банктің барлық карталары 3D Secure жүйесімен жабдықталған, бұл ғаламторда қызметтер мен тауарларды қауіпсіз сатып алуға мүмкіндік береді. 3D Secure — операцияны жүзеге асырған картаны ұстаушының түпнұсқалығын сәйкестендіруге және карта бойынша алаяқтық тәуекелін барынша азайтуға көмектесетін жүйе. Әртүрлі сайттарда төлемді растау кезінде жүйе қосымша түрде картаның CVV-коды, картаның әрекет ету мерзімі немесе картаға бекітілген телефон нөміріне келетін SMS-код секілді деректерді сұратады.

 

Сізге қажетті тауарларды жеткізуге және уақытты үнемдеуге қабілетті интернет-дүкендердің топтамасымен танысыңыз.

 

1. Flip.kz 

Flip.kz — қазақстандық ғаламтор-дүкендердің алғашқыларының бірі. Flip.kz ассортименті — кітаптар, үйге арналған бұйымдар, жануарларға арналған тауарлар, кеңсе тауарлары, киімдер. Компания меншікті логистика жүйесін дамытуда, шабармандық қызметі елдің 13 қаласында жұмыс істейді, тапсырыстарды беру орындары 30 қалаларда орналасқан.

 

2. Mechta.kz, Alser.kz, Shop.kz, Technodom.kz, Sulpak.kz және Fora.kz 
Еуразиялық банктің ірі серіктестері электроника мен тұрмыстық техникаларды онлайн-режимде сатады.  Сату орындарындағы тауарлар түрін дүкендер сайтынан таба аласыз. VISA және MasterCard банктік карталары қабылданады.

 

3. Lamoda.kz
Киімдер, аяқ киімдер мен аксессуарларды сататын қазақстандық онлайн-дүкен. 1000 брендтің 2 млн-нан астам тауарларын ұсынады.  Клиенттерде тауарларды 14 күн ішінде почтамен, сондай-ақ жаңа тапсырыстың ең болмағанда біреуін сатып алған кезде: тауарларды беру орындары арқылы 14 күн ішінде және сауда өкілімен 30 күн ішінде қайтару мүмкіндігі бар.

 

4. Aviata.kz — әуе және т-ж билеттерін онлайн-брондау және сатып алу сервисі. Aviata.kz 2013 жылы пайда болды және он шақты әуекомпанияларымен бірге қызмет істеп келеді, бұл ұшуларды іздеуді тиімді етеді және ең арзан нұсқаларды табуға көмектеседі.      2018 жылы Chocotravel-мен бірікті. Төлемді Visa мен MasterCard карталарымен жүргізуге немесе әуе билетін брондап, оларды компанияның авиакассаларында төлеуге болады.

 

5. Ticketon.kz — мәдени-ойын-сауық және спорттық шараларға, демалыс күнгі турларға билеттерді онлайн сататын сервис. Жүйе 2012 жылғы 24 мамырда ресми түрде іске қосылды. Ticketon.kz Қазақстандағы 23 кинотеатрға, 41 театрға, 57 концерт залы мен 17 спорт алаңына қызмет көрсетеді.  Сайтта төлем жүргізудің 15 тәсілі қолжетімді.

 

Сіздер үшін қолайлы болуға тырысамыз!

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.