Біз Сіздерге Еуразиялық банктің MasterCard Worldwide төлем жүйесінің карталарын шығарғанын және қызмет көрсете бастағанын хабарлауға қуаныштымыз.
Өткен ғасырдың 40-шы жылдарының аяғында Америка Құрама Штаттарының банктер тобы негізін қалаған MasterCard Worldwide төлем жүйесі бүгінде дүниежүзі бойынша ең ірі және кең танымал банктік төлем жүйелерінің бірі болып табылады. MasterCard карталары – бұл Қазақстанда, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша сапар шеккенде тауарлар мен қызметтерге төлем жасаудың, қолма-қол ақшаны алудың қолайлы және сенімді тәсілі.
Еуразиялық банк төлем карталарының келесі түрлерін шығарады:
- MasterCard Standard/ MasterCard Standard Unembossed
- MasterCard Gold
MasterCard Standard/ MasterCard Standard Unembossed карталары түрлі төлемдер мен басқа да қаржы операцияларын жүзеге асыруға арналған мінсіз классикалық карточка өнімдерінің қатарына жатқызылады.
Сіз MasterCard Standard Unembossed картасын лезде ала аласыз.
MasterCard Gold картасы – бұл премиум сегментінің халықаралық картасы, ол ұстаушысының жоғары мәртебесін көрсетеді, бұрынғыдан да артық қаржылық еркіндік бере отырып, дүниежүзі бойынша арнайы артықшылықтарға жол ашады.
Инновациялық технологияларды қалайтын клиенттер үшін Банк сауда-сервис кәсіпорындарында тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) төлемін бір ғана жанасу арқылы жүргізуге мүмкіндік беретін контактісіз технологиялы бірегей MasterCard PayPass карталарын ұсына алады. Кассадағы немесе терминалдағы контактісіз оқитын құрылғыға MasterCard PayPass картасын тигізсеңіз болғаны, сонда Сіздің затыңыздың төлемі жасалады.
MasterCard картасының көмегімен тек төлем жасау ғана емес, сондай-ақ бірқатар қосымша қызметтерді, жеңілдіктер мен артықшылықтарды пайдалануға болады.
Еуразиялық банктің MasterCard карталарын ұстаушылар серіктестердің сауда орындарында келесі аталған жеңілдіктерге қолжеткізу және тиімді ұсыныстарды пайдалану бірегей мүмкіндіктеріне ие болады.
MasterCard төлем картасымен төлем жасағандағы жеңілдіктер:
- Small супермаркеттер желісі – 5%;
- «Планета красоты» дүкендер желісі – 10%;
- «Тикетон» интернет-дүкені – 10%.
Келесі жүлделердің ұтысына қатысу:
- «Газпромнефть» ЖЖҚС-да MasterCard картасымен төлем жасағанда – спорттық сөмкелер, УЕФА Чемпиондар Лигасының ойынына бару мүмкіндігі.
- ҚТЖ сайтында билеттерге MasterCard картасымен төлем жасағанда – LCD телевизор, поезд билеттеріне немесе смартфонға ие болу мүмкіндігі.
Толығырақ: mastercard.kz
Құрметпен, Еуразиялық банк.