Еуразиялық банк 2025 жылғы 25 маусымнан бастап бонустық бағдарлама талаптарына келесі өзгерістерді енгізеді:
- “Авто” санатындағы Автокарта бойынша бонус мөлшері 4%-дан 5%-ға дейін көтеріледі;
- “Саяхат” санатындағы Visa Signature және Mastercard World Black Edition карталары үшін қосымша бонус 4%-дан 5%-ға дейін ұлғайтылады;
- Visa Infinite және Masterсard World Elite премиум карталарының иелері де енді таңдалған сүйікті санатына қарамастан, “Саяхат” санатында қосымша 5% бонус алады.
Қосымша:
Төлем карточкалары бойынша қолма-қол ақшасыз айналымды есептеу кезінде енді Eurasian Bank жаңа мобильді қосымшасындағы «Кредитті өтеумен» қоса, “Төлемдер” бөлімінде жасалған төлемдер де (“Букмекерлер” санатындағы төлемдерді қоспағанда) ескерілетін болады.
Бұл келесі айда смартфонды (Apple Pay, Samsung Pay, Google Pay, Garmin Pay) пайдалана отырып сатып алған кезде +3% бонус алу үшін 300 001 теңге қолма-қол ақшасыз айналымға қол жеткізуді жеңілдетеді.
Жаңартылған есептеу мөлшерлемелерімен толығырақ сілтеме бойынша танысуға болады.