Еуразиялық банк 2025 жылғы 27 тамыздан бастап бонустық бағдарлама шарттарына келесі өзгерістерді енгізеді:
- “Интернет арқылы сатып алғаны үшін есептелетін бонусты” қайтарамыз. Бонустар клиенттің өткен айдағы қолма-қол ақшасыз айналымына қарамастан, жаңа жүйе бойынша есептелінетін болады:
– алдыңғы айда 150 000 теңгеге дейін сомада сатып алғаны үшін 1%;
– алдыңғы айда 150 001 теңгеден 300 000 теңгеге дейінгі сомада сатып алған кезде 2%;
– алдыңғы айда 300 001 теңгеден басталатын сомаға сатып алған кезде 3%;
- “Жанасусыз сатып алғаны үшін есептелетін бонустар (Apple Pay/Samsung Pay/Google Pay/Garmin pay)» және Visa Infinite және Mastercard World Elite (Metal card-тан басқа) карталары бойынша “Интернетте сатып алғаны үшін есептелетін бонус” қолма-қол ақшасыз айналымға қарамастан, сатып алған сомадан 3 % мөлшерінде автоматты түрде есептеледі.
- Сондай-ақ “Жанасусыз сатып алғаны үшін есептелетін бонустар (Apple Pay/Samsung Pay/Google Pay/Garmin pay)» “Интернетте сатып алғаны үшін есептелген бонустарға” қосылмайды.
- Енді бонустар 6 айға жарамды.
- “Сүйікті санат” күнтізбелік 30 күнге жарамды.
ҚОСЫМША
POS-терминалдары арқылы сатып алғаны үшін есептелетін “Сүйікті санатты белгілеген кездегі бонус” тек жанасусыз (Apple Pay/Samsung Pay/Google Pay/Garmin pay) жасалған саудаға ғана есептеледі, ал инетрнеттегі саудаға төлем тәсіліне қарамастан есептелінеді.
Жаңартылған бонустық бағдарлама шарттарымен және мөлшерлемелерімен мына және мына жерде толық танысуға болады.