Еуразиялық банк 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бонустық бағдарлама шарттарына өзгерістер енгізеді:
Келесі түзетулер енгізілді:
- “Ерекшеліктер тізімінде” бонустарды пайдалану мүмкіндіктері кеңейтілді: бұрын бонустарды жұмсау мүмкін болмаған жерлерде енді бонустарды жұмсауға болады. Жаңартылған құжат нұсқасы келесі сілтеме бойынша орналастырылған.
- “Бонустық бағдарлама шарттарына” бағдарлама жұмысының қағидаттары мен механикасына әсер етпейтін редакциялық түзетулер енгізілді. Жаңартылған редакциямен келесі сілтеме бойынша танысуға болады.
- “Бонустарды есептеу мөлшерлемелері” құжаты ақпараттың көрнекілігі мен оны қабылдау ыңғайлылығын арттыру мақсатында қайта қаралды. Жаңа редакция келесі сілтеме бойынша қолжетімді.
Енгізілген өзгерістер нормативтік құжаттарды өзектендіруге, сондай-ақ олардың ашықтығы мен клиенттер үшін ыңғайлылығын арттыруға бағытталған.