Еуразиялық банк 2025 жылға арналған Тұрақты даму туралы есепті дайындауға кірісті және ESG (экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік жауапкершілік) саласындағы ең маңызды тақырыптарды анықтау мақсатында мүдделі тараптар арасында сауалнама жүргізуде.
Есепті дайындау барысында банк өзінің мүдделі тараптары — клиенттері, серіктестері, қызметкерлерінің үміттері мен басымдықтарын ескеруге ұмтылады. Сауалнама нәтижелері ақпаратты ашудың негізгі бағыттарын айқындап, банктің өзекті ESG-күн тәртібін қалыптастыруға көмектеседі.
Сауалнамадан 2026 жылғы 27 наурызға дейін қазақ тілінде: https://forms.office.com/e/9AELGJaD52 , орыс тілінде: https://forms.office.com/e/QWV7aCF92S сілтемесі арқылы өтуге болады.
Сауалнама мазмұнына немесе Тұрақты даму туралы есепті дайындауға қатысты сұрақтарыңыз туындаған жағдайда yerkezhan.nurbayeva@eubank.kz. мекенжайына хабарласа аласыз.
Еуразиялық банк тұрақты даму принциптерін дамытып, банк қызметінің ашықтығын арттыруға қосқан үлесі үшін барлық сауалнама қатысушыларына алғыс білдіреді.