Еуразиялық банк Forbes.ru нұсқасы бойынша көршілес елдердің 50 сенімді банкінің қатарына кірді.
Армения, Грузия, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қазақстанның қаржы институттарының ішінде тізімге 10 қазақстандық банк ілікті. Рейтинг авторларының түсіндіруінше, банктер Fitch, Moody’s, Standard&Poor’s сияқты халықаралық рейтинг агенттіктерінің бағаларына, сондай-ақ активтердің мөлшеріне қарай іріктелді. Банктің рейтинг бағалары неғұрлым жоғары болса, алатын орны соғұрлым жоғары болмақ. Еуразиялық банктің Moody’s шкаласы бойынша В2 рейтинг болжамы 2022 жылғы 15 желтоқсанда “позитивті” деген бағамен расталған болатын.