logo
Қз

Global Finance Еуразиялық банкті сауданы қаржыландыруда үздік деп таныды

Еуразиялық банк Global Finance халықаралық қаржы басылымының “World’ s Best Trade Finance Providers 2024” тұрақты рейтингінің қорытындысы бойынша 2024 жылы cауданы қаржыландыру саласында Қазақстанда үздік деп танылды.

 

Журнал редакторлары, салалық талдаушылардың, компаниялардың қаржы жетекшілерінің және технологиялардағы сарапшылардың қатысуымен әлемнің 100-ден астам елі мен сегіз аймағындағы сауданы қаржыландыру саласындағы ең жақсы банктерді таңдады. Жеңімпаздарды таңдау критерийлеріне транзакция көлемі, жаһандық қамту, тұтынушыларға қызмет көрсету деңгейі, бәсекеге қабілетті бағалар және инновациялық технологиялар кірді.

 

Еуразиялық банк бұрын 2017 және 2020 жылдары Global Finance журналы сауданы қаржыландыру саласындағы көшбасшы ретінде бірнеше рет танылған-ды.

 

“Біз нарықты, трендтерді үнемі зерттейтін және кез келген жағдайда икемді қаржылық шешімдерді ұсынуға тырысатын біздің кәсіпқойлар тобының жұмысының нәтижесіне ризамыз. Біз транзакцияларды өңдеу уақытын қысқарта алдық. Мысалы, Мемлекеттік сатып алу порталында тендерлік кепілдікті шығару небәрі 5 минутты алады — бұл біздің клиенттеріміз тарапынан жоғары бағаланды”, – деді банктің басқарма төрағасы Ляззат Сатиева.

 

Бүгінгі таңда Еуразиялық банк сауданы қаржыландыруда қызметтердің толық кешенін ұсынады:

 

– Кепілдіктер мен аккредитивтер шығару;

– 5 минут ішінде тендерлік кепілдіктер шығару;

– Экспорттық кепілдіктер мен аккредитивтерді авизолау;

– “KazakhExport”  Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі” АҚ  бағдарламалары шеңберінде қаржыландыру;

– Құжаттамалық инкассо;

– Сауданы қаржыландыру бойынша мәмілелерді құрылымдау.

 

Global Finance журналы 1987 жылы құрылған, 193 ел мен аумақта 50 000 дана таралымы және оқырманы бар.

 

Аудиторияға трансұлттық компаниялар мен қаржы институттарында инвестициялық және стратегиялық шешімдер қабылдауға жауапты аға корпоративтік және қаржылық басшылар кіреді. Басылым үнемі банктер мен басқа қаржылық қызметтерді жеткізушілер арасында үздіктерді таңдайды. Бұл марапаттар әлемдік қаржы қауымдастығы үшін танылған сапа стандартына айналды.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.