logo
Қз

Еуразиялық банк басқармасының жаңа мүшесі сайланды

“Еуразиялық банк” АҚ директорлар кеңесінің шешімімен 7 қыркүйектен бастап корпоративтік блок пен ШОБ қызметіне жетекшілік ететін Ляззат Адыловна Сатиева басқарманың жаңа мүшесі, банк басқармасы төрағасының орынбасары болып сайланды.

 

Ляззат Адыловна банк саласында көп жылдық тәжірибесі бар.  Еуразиялық банкке шақырылғанға дейін ForteBank-тің басқарушы директоры қызметін атқарды.  Бұған дейін 10 жыл бойы Қазкоммерцбанктегі шағын және орта бизнесті қаржыландыру бағытын сәтті басқарған болатын.  БТА банкі мен Қазкоммерцбанктің біріктіру жобасына БТА банкі төрағасының орынбасары ретінде қатысты.

 

Ляззат Сатиева – МВА мамандандыруымен Халықаралық бизнес академиясының, сондай-ақ “Қаржы және кредит” мамандығы бойынша Павлодар мемлекеттік университетінің түлегі.

 

“Теңгеге 20 жыл” үкіметтік медалімен және “Еңбек сіңірген қаржыгер” қоғамдық орденімен марапатталған.

 

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.