logo
Қз

Алаяқтықтан қалай қорғануға болады: маңызды кеңестер мен ұсынымдар

Қазіргі күні алаяқтық күннен күнге  күрделене түсуде, ал қаскүнемдер өздерінің алдау схемаларын үздіксіз жетілдіріп, оларды адамдардың күнделікті жайлары мен қажеттіліктеріне қарай бейімдеуде. WhatsApp арқылы жасалатын қоңыраулар мен хабарламалардан бастап жасанды интеллекттіні қолданатын алаяқтар құрбандарының өз мүдделеріне сай әрекет етуі үшін оларға психологиялық қысым көрсетеді.

 

Олардың қалай жұмыс істейтінін және айла-тәсілдерінен қалай қорғануға болатынын қарастырайық.

 

Алаяқтық жасамас бұрын, қаскүнемдер ықтимал жәбірленушіні мұқият зерттейді:

  • мүмкіндігінше көбірек білу үшін әлеуметтік желілер арқылы достарыңыз бен жақындарыңыз туралы ақпаратты жинайды.
  • құпия деректерді алады, тіпті дауыстық үлгіні жазу үшін белгісіз нөмірлерден қоңырау шалады — ал бұл үшін 30 секундтық сөйлесу жеткілікті.

 

Бұл қалай жұмыс істейді?

  • алаяқтар өздерін құқық қорғау органдарының немесе банк қызметкерлері ретінде таныстыра отырып, аудио немесе бейне қоңырау шалады. Олардың киімдері тиісті үлгіде болады, ал артқы жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері көрінуі мүмкін.
  • қаскүнемдер жалған аты-жөндері қолтаңбалары және мөрлері көрсетілген, құрбанның қаржылық жағдайы туралы егжей-тегжейлі ақпараты бар, ұйымның фирмалық логотипі қойылған жалған құжаттарды ұсына алады.
  • алынған дауыс үлгісі мен жасанды интеллект технологиясын пайдалана отырып, алаяқтар ықтимал құрбанды алдау үшін таныс адамның дауысы мен сөйлеу мәнерінің шынайы көшірмесін жасайды.

 

Психологиялық қысым әдістері

 

Алаяқтар құрбандарын өз нұсқауларына сәйкес әрекет ету үшін психологиялық әсер етудің әртүрлі тәсілдерін қолданады. Олар триггерлерді (жанды жерлері) пайдаланып, құрбанда үрей, қорқыныш немесе қауіп-қатер күйін туындатады, бұл жағдайда адам дереу бағыну қажеттілігін сезінетін болады:

  • олар шоттардағы күдікті әрекеттер туралы ескертеді және қаражаттың сақталуына, сондай-ақ алаяқтарды іздеуге көмектесуді ұсынады
  • “құпия операцияда” кезінде тергеумен ынтымақтастықтан бас тартқаны үшін жазаланумен қорқыта бастайды. Нәтижесінде, алаяқтық жолмен олар төлем карталары туралы құпия ақпаратты және құрбанның қолма-қол ақшасын ала алады
  • олар “құтқару кредитін” ұсынады және қаражатты сақтау үшін оны ресімдеуді қолқалайды. Алайда, кредит рәсімделгеннен кейін кредит қаражаты алаяқтар ұсынған бейтаныс тұлғалардың шоттарына аударылады
  • SMS жіберуді, зиян келтіретін сілтемелерге өтуді немесе сіздің құрылғыларыңызға қашықтан кіру үшін AnyDesk, TeamViewer, AirDroid RS, HopToDesk, Splashtop, Scalefusion, Vysor, ApowerMirror, AmmyyAdmin, AeroAdmin, Recover Contacts, RealVNC Viewer, AirMirror, Google Remote Desktop, Microsoft Remote Desktop, Chrome Remote Desktop және т. б. сияқты қосымшаларды жүктеуді сұрайды. Бұл алаяқтарға сіздің барлық шоттарыңызға ғана емес, сонымен қатар қашықтықтан банктік қосымшаларға, СМС, PUSH – хабарламаларға, байланыс нөмірлеріңізге және т.б. қол жеткізуге мүмкіндік береді.

 

Алаяқтардан қалай қорғануға болады?

 

Алаяқтарға тап болмау үшін келесі нұсқауларды орындаңыз:

  • белгісіз нөмірлерден шалынған бейне қоңырауларға жауап бермеңіз. Жауап берсеңіз де үрейленбеңіз және психологиялық әсерге берілмеңіз. Жәй ғана қоңырау басып тастаңыз да нөмірді бұғаттаңыз. Егер алаяқтар өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырса, банктердің сенім телефондарына немесе банктердің байланыс орталықтарына дереу қоңырау шалу қажет.
  • ұялы қосымшаның логиндері мен құпия сөздерін, СМС-кодтарды, сондай-ақ CVC және CVV кодтарын және картаның жарамдылық мерзімдерін қоса алғанда, банк картасының нөмірлерін ешқашан және ешкімге айтпаңыз
  • AnyDesk, TeamViewer, AirDroid RS, HopToDesk, SplashTop, Scalefusion, Vysor, ApowerMirror, AmmyyAdmin, AeroAdmin, Recover Contacts, RealVNC Viewer, AirMirror, Google Remote Desktop, Microsoft Remote Desktop, Chrome Remote Desktop және т.б. сияқты құрылғыларға қашықтан қол жеткізу қосымшаларын жүктемеңіз.
  • есіңізде болсын, құқық қорғау органдары мен банктердің қызметкерлері сіздің шоттарыңыздағы күдікті әрекеттер туралы хабарлау немесе қаражатыңызды қорғауды ұсыну үшін бейнеқоңырау арқылы қоңырау шалмайды, сонымен бірге сіздің атыңызға кредит алуды немесе ақшаңызды белгісіз адамдардың деректемелеріне аударуды қолқалап сұрамайды
  • егер сізге жақын адамыңыз күтпеген жерден ірі көлемдегі ақшаны аударуды сұрап қоңырау шалса немесе одан хабарлама алсаңыз, бұл сұратуға бірден сенім білдірудің қажеті жоқ. Қандай да бір әрекет жасамас бұрын, кідіріп, шалынған қоңырауды қойып, көмекке мұқтаж-ау деген адаммен өз бетіңізше байланысқаныңыз жөн.

 

Бір қадам алда болыңыз

 

Хабардар болған және алаяқтардың әрекеттерін болдырмауға дайын болу маңызды. Алаяқтықтан құтылуға көмектесу үшін жақын адамдарыңызбен және достарыңызбен пайдалы ақпаратпен бөлісіңіз. Бір-бірімізді қолдай отырып, біз қаскүнемдердің айла-тәсілдерінен барынша қорғана аламыз.

 

Қырағылық танытыңыз және алаяқтардан бір қадам алда болыңыз!

 

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.