Сіздерге SMARTBANK ҚБҚК жүйесінде «Картаның мәртебесін басқару» жаңа қызметі іске қосылғанын хабарлауға қуаныштымыз.
Енді картаның мәртебесін басқару жеңіл әрі оңай, ал бастысы, Сізге үйден шықтай-ақ қолжетімді!
Енді Сіз картаңызды жоғалтып немесе ұрлатып алсаңыз, онда картаңызды жеке кабинетіңізде оқшаулай аласыз, Сіздің картаңызды қолданбақ болған алаяқтың бірінші әрекетінде картаны банкомат немесе өзіне-өзі қызмет көрсететін басқа құрылғы немесе сауда орындарында есеп айырысу кезінде сатушы алып қалады. Картаңызды тауып алған жағдайда, Сіз оны жеке кабинетіңізде оқшаулаудан шығара аласыз.
Жаңа қызмет Сізге өз карталарыңызды жедел әрі жеңіл басқаруға және шоттарыңыздың қауіпсіздігі туралы алаңдамауға мүмкіндік береді!
Карталардың мәртебесін SMARTBANK арқылы басқарудың артықшылықтары:
- Уақытты үнемдеу – картаны уақытша/тұрақты оқшаулау үшін call-орталыққа қоңырау шалудың қажеті жоқ;
- Ыңғайлы – картаны оқшаулаудан шығару үшін филиалға/бөлімшеге келудің қажеті жоқ.