logo
Қз

Құрметті клиенттер!

Бірінші кредиттік бюро Қазақстан атынан «Халықаралық кредиттік бюро күні (International Credit Bureau Day)» әлеуметтік акциясына қатысады.

 

Кредиттік бюро күні – әлемнің 20-дан астам еліндегі Creditinfo тобының кредиттік бюролары арасында өткізілетін ауқымды әлеуметтік акция. Бұл күні кредиттік бюро ШОБ-қа арналған корпоративтік кредиттік есептер мен ҚР азаматтарына арналған дербес кредиттік есептерді толықтай тегін негізде ұсынады. Биылғы жылы Кредиттік бюро күні 22 қыркүйекте өткізіледі.

 

Акция барлық кәсіпкерлердің назарын кредиттік тарихтың маңыздылығына аударып қана қоймай, төлем тәртібінің қалыптасуына және қарыз алушылардың, кәсіпкерлер мен кредиттік ұйымдардың арасындағы байланыстың орнауына септігін тигізеді.

 

Бизнес үшін:

 

22 қыркүйектен 22 қазанға дейін алдын ала тіркелу арқылы өзіңіздің корпоративтік кредиттік есебіңізді (ККЕ) толықтай тегін алуыңызға болады.

 

ШОБ желісі бойынша акцияның серіктесі: «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

 

Егер сіз ауқымды халықаралық Кредиттік бюро күні акциясының қатысушысы болғыңыз келсе, тіркелу үлгісін толтыруыңызды сұраймыз.

 

Акцияның қатысушысына арналған жаднама:

  1. ҚР кез келген кәсіпкері акцияның қатысушысы бола алады. Жеке кәсіпкерлер де акцияға қатысуға құқылы.
  2. Сіз бір заңды тұлғаға бір ғана тіркелу үлгісін толтыра аласыз.
  3. Тіркелу деректері шынайы болу тиіс. Корпоративтік кредиттік есепті алу компанияның Электрондық сандық қолтаңбасын (ЭСҚ) растағаннан кейін жүзеге асырылатындықтан, тіркелу деректерінде ЭСҚ арналып шығарылған сенім білдірілген тұлғаның БСН, соның ішінде ЖСН көрсету қажет.
  4. Есеп 2016 жылдың 22 қыркүйегінен 22 қазанына дейінгі мерзімде Бірінші кредиттік бюроның www.1cb.kz порталындағы Жеке кабинетіне сұраным жіберу күнінде жасалады. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, БКБ сервис орталығына day@1cb.kz жүгініңіз.

Егер сіз ауқымды халықаралық Кредиттік бюро күні акциясының қатысушысы болғыңыз келсе, Бірінші кредиттік бюро порталында https://www.1cb.kz/icbd тіркелу үлгісін толтыруыңызды сұраймыз.

 

Жеке тұлғалар үшін:

 

Тек 22 қыркүйек күні жеке тұлғалар өздерінің Дербес кредиттік есебін (ДКЕ) толықтай тегін ала алады. Бірінші кредиттік бюроның барлық трансфер-агенттік бөлімшелерінде*.

 

Акцияның серіктесі: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ – ХҚКО департаменті».

 

Сіз өзіңіздің тегін ДКЕ-ні:

  • Қазақстан бойынша ХҚКО 83 бөлімінен және Алматы облысындағы «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінен (мекенжайларын БКБ сайтынан www.1cb.kz нақтылауға болады);
  • www.egov.kz порталынан;
  • www.1cb.kz сайтынан;
  • БКБ мобильді қосымшасы арқылы;
  • Алматыдағы БКБ кеңсесінен ала аласыз.

 

Қосымша ақпарат алу үшін +7 (727) 3000 150 телефоны бойынша хабарласуыңызды сұраймыз. 

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.