logo
Қз

Ақшаны заңдастыру бойынша клиенттерге арналған ақпарат

2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін ҚР «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы № 231-V заңының шеңберінде Қазақстан Республикасында мүліктер мен ақшаны жария ету жүргізіледі.

 

Мемлекеттің мүлікті жария ету жөніндегі біржолғы акция өткізуінің негізгі мақсаты   бұрын жариялы экономикалық айналымнан шығарылған ақшаны тарту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдардың табыстары мен мүлкін декларациялауға көшуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. Мүліктерін Заңмен белгіленген тәртіпте жария ететін Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар адамдар ақшаны жария етуге қатысуға құқылы тұлғалар болып табылады.

 

Рақымшылық жасау Заңға енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес Банк ақшаны жария ету мақсатында жария ету субъектісінің (бұдан әрі – клиент) өтініші негізінде жеке ағымдағы банктік шот (бұдан әрі – ағымдағы шот) ашу қажет. Осылайша жаңа талаптарға сәйкес клиенттен ақшаны жария ету үшін жинақ шотын ашу және ақшаны 5 жыл бойы сақтау талап етілмейді.

 

Сонымен қатар ақшаны жария ету үшін алым туралы нормалар да өзгеріске ұшырады. Енді ақшаны Банкте ашылған ағымдағы шотқа салу (аудару) арқылы ақшаны жария еткенде, жария ету үшін алым алынбайды. Бұл талап бұрын ашылған жинақ шоттарына да таралады.

 

Ақшаны жария ету үшін алым, ақшаны жария ету оны Банкте ашылған ағымдағы шотқа салмай (аудармай) жүргізілген жағдайда ғана төленеді. Бұл жағдайда жария ету субъектісіне жария етілетін ақша сомасынан алымды Қаржы министрлігінің бұрын көрсеткен деректемелері бойынша іске асыру қажет.

 

Жария етуге қатысты қосымша ақпараттар мұнда орналастырылған.

 

Жадынама.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.