logo
Қз

Құрметті клиенттер!

Біз Сіздерге Еуразиялық банктің клиенттердің шоттары бойынша қолма-қол ақшасыз жолмен қазақстандық теңгеге шетелдік валютаны сатып алу/сату айырбастау қызметінің жаңа түрін іске қосқаны туралы хабарлауға қуаныштымыз. Мәміле белгіленген күнге алдын ала келісілген бағам бойынша ақшаны мәміле жасалған соң келесі күні (ТОМ) немесе екінші жұмыс күні (СПОТ) нақты жеткізу арқылы жүргізіледі.

Енді Еуразиялық банктің Клиенттері мәміле жасалған соң келесі күні және екінші жұмыс күні есеп айырысумен алдын ала толық төлемсіз және комиссиясыз ағымдағы бағам бойынша теңгеге АҚШ долларын, еуроны, Ресей рубльдерін және басқа да шетелдік валютаны сатып ала алады/сата алады.

Клиент үшін артықшылықтары:

  • Банкпен айырбастау мәмілесін қаражат шотқа түскенге дейін алдын ала жасау мүмкіндігі*;
  • Тиімді бағамдарда үнемдеу және комиссияның болмауы;
  • 1-2 күн бұрын жоспарлау және болжау қолайлылығы;
  • Бағамды 1-2 күн бұрын белгілеу мүмкіндігі.

* мәміле сомасынан 5% ғана болғанда

Аталған қызмет жеке тұлғаларға, сондай-ақ заңды тұлғаларға да Еуразиялық банкте ашылған шоттары болған жағдайда, сондай-ақ келесі міндетті талаптарды орындағанда  қолжетімді болады:

  • Келесі жұмыс күні (ТОМ) және екінші жұмыс күні (СПОТ) валюталау күнімен айырбастау мәмілелерін жасау туралы біржолғы Бас келісім жасау;
  • Әр мәміле бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуге сомадан 5% мөлшерінде ақшаны кепілге салуды ұсыну**;
  • Мәміленің ең төменгі сомасына қойылатын талапты сақтау – 100 000 АҚШ доллары (осы соманың кез келген басқа валютадағы баламасы).

** Клиенттің мәміле және/немесе Келісім талаптарын орындамау жағдайларын санамағанда, ақшаны кепілге салу қайтарымды болып табылады.

Қызметті пайдалану үшін Сіз Филиалдағы өзіңіздің шот менеджеріне және/немесе келесі байланыс телефондары арқылы Қазынашылық және АЛМ департаментіне хабарласуыңызға болады:
Телефон нөмірі: +7 (727) 259 95 56; 250 86 32, 250 86 54
немесе 259 95 99 (ішкі 33-19, 31-05, 36-81, 33-42, 33-54)

e-mail: Treasury@eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.