Еуразиялық банк банктің жаңа банкоматтарында карта қабылдағышты пайдаланбай-ақ операциялар жүргізуге мүмкіндік беретін NFC технологиясының іске қосылғаны туралы хабарлайды. Клиенттер смартфонды немесе токені бар басқа құрылғыны жақындату арқылы операцияларды орындай алады.
NFC енгізу арқылы Apple Pay, Google Pay және Samsung Pay цифрлық әмияндарын й отырып, жанасусыз жасалған операциялардың ыңғайлылығы мен қауіпсіздігіне кепілдік береді.
NFC технологиясының артықшылықтары:
- Жанасусыз жасалатын операциялар — картаны салмай-ақ төлемдерді жүргізу.
- Қауіпсіздік — транзакцияларды қорғауға арналған заманауи токендеу технологияларын пайдалану.
- Мобильді әмияндармен үйлесімділік — жанасусыз төлемдерге арналған танымал сервистерді қолдау.
NFC Eurasian Bank мобильді қосымшасы арқылы қосылады. Клиенттер картаны таңдап, «Әрекеттер» бөліміне өтіп, «Телефонмен төлеу / NFC» (Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay) функциясын іске қоса алады.
Жаңа банкоматтарда NFC технологиясын енгізу — банктің цифрлық сервистерді кеңейту және клиенттерге қызмет көрсету ыңғайлылығын арттыру стратегиясының бір бөлігі.
NFC функциясын қолдайтын жаңа банкоматтардың тізімін СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.