logo
Қз

Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық топ ұжымын 25 жылдығымен құттықтады

Қазақстанның Тұңғыш президентінің ресми сайтында Нұрсұлтан Назарбаевтың 25-жылдыққа орай ERG салтанатты іс-шарада айтылған құттықтауы жарияланды.

 

Қазақстанның Тұңғыш президенті компанияның қалыптасуы еліміздің тәуелсіздігінің дамуымен және нығаюымен тығыз байланысты екенін атап өтті.

 

Елбасы тәуелсіздік жылдарында еліміздің барлық кәсіпорындарына жеңуге тура келген қиындықтар туралы айтып берді.

 

— 1994 жылы ауыр жағдайда болған кәсіпорындар қазіргі таңда «аяққа» тұрды. Компаниялар тобы 150 мыңнан астам жұмыс орындарын құрды. ERG өндірісті дамытуға және кеңейтуге 13 миллиард доллар бөлді, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 

Сонымен қатар, Қазақстанның Тұңғыш президенті Еуразиялық топтың әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жөніндегі қызметіне оң баға берді.

 

— Сіздер сондай-ақ әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асырып отырсыздар. Тұрғын үйлер, мектептер, ауруханалар, спорт ғимараттары мен басқа да инфрақұрылымдық жобалар салынуда, – деді Елбасы.

 

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық кәсіпорындардан одан әрі дамыту үшін жаңа шешімдерді талап ететін жаһандық сын-тегеуріндеріне тоқталды.

 

— Өмір бір орнында тұрмайды. бәрі алға ұмтылуда. Біз сандық экономика дәуіріне қадам бастық.  Барлық жерде жасанды интеллект енгізілуде. Осының барлығы бәсекеге қабілеттілікті қолдау үшін жаңа озық тәжірибені іздестіруді талап етеді, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

 

Елбасы ERG компаниясының мыңдаған ұжымына оның саясатын қолдағаны үшін алғысын білдірді.

 

— Біз, қазақстандықтар,  барлығымыз Отанымыздың игілігі үшін жұмыс істейміз.  Біз елімізді болашақ ұрпақ үшін дамытудамыз.  Тәуелсіздікті жариялау — бұл бір нәрсе, ал оны сақтау — бұл мүлдем басқа іс.  Бұл үшін біз экономиканы дамытуымыз керек. Бұл жұмысқа Еуразиялық топ кәсіпорындарының ұжымдары лайықты үлес қосуда, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 

Сөз соңында Қазақстанның Тұңғыш президенті ERG ұжымдарына табыс пен одан әрі өркендеуді тіледі.

 

Қазақстан экономикасының флагманы — ERG өнеркәсіптік-индустриялық тобы Еуразиялық банктің басты клиенті болып табылады.  Топ Қазақстанның барлық тау-кен металлургиялық кешенінің үштен бір бөлігін құрайды және «Қазхром», ССКӨБ, «Қазақстан алюминийі», ЕЭК, «Қазақстан электролиз зауыты», «Шұбаркөл көмір» және «ТрансКом» сияқты ірі және танымал кәсіпорындарды қамтиды.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.